freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астанада жаңа әуежай салынады

Қоғам
Астанада жаңа әуежай салынады
zakon.kz

Астанада екінші халықаралық әуежай салу жобасы бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Қала әкімдігінің мәліметінше, қазір жаңа әуежайдың құрылысына лайық жеті ықтимал орын қарастырылуда. Оның үшеуіне мамандар барып, жергілікті жерде зерделеу жұмыстарын жүргізген.
Қазіргі уақытта жұмыс тобы техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу жол картасын пысықтап жатыр. Сарапшылар барлық нұсқаны саралап, жаңа әуежай салуға ең қолайлы орынды анықтауы тиіс. Әзірге нақты жері, құрылыстың басталу және аяқталу мерзімі, жобаның құны, қаржыландыру көздері мен инвесторлар туралы түпкілікті шешім қабылданбаған.
Екінші әуежай салу мәселесі елордадағы жолаушылар ағынының жыл сайын артуына байланысты көтерілген. Бұған дейін Мемлекет басшысы жаңа әуежай құрылысын ұзаққа созбай, жақын уақытта бастаудың маңызын атап өткен. Жоба Астананың ұзақ мерзімді даму жоспары аясында жүзеге асырылмақ., деп хабарлайды Malim.kz.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу