Астанада №1 қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды, деп хабарлайды Malim.kz.
Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратты елордалық денсаулық сақтау басқармасы растады.
Басқарманың мәліметінше, медбикенің жұмысқа рұқсаты болған. Сондай-ақ ол туберкулез бойынша байланыста болған адамдар қатарында тіркелген.
Соңғы флюорографиялық тексеруден кейін алты ай және одан көп уақыт өткен барлық байланыста болған қызметкерлер қайта тексеруден өтті. Жалпы саны 39 адам тексерілген. Олардың барлығынан теріс нәтиже шыққан.
Сонымен қатар денсаулық сақтау басқармасы соңғы үш ай ішінде медбикемен байланыста болған адамдар шеңбері анықталғанын мәлімдеді. Алайда олардың арасында инфекция жұқтырғандар бар-жоғы нақты айтылмады.