Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астанадағы жатақханадан өрт шықты

Оқиға
Астанадағы жатақханадан өрт шықты

Астанадағы Сарыарқа ауданы Бұланты көшесі бойындағы мансард үлгідегі жатақхананың алты қабатты ғимараттан өрт шықты, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Алғашқы бөлімшелер келген кезде өрт 6-қабатта шығып жатқаны анықталған. 6-қабат толығымен өртке оранған.

"Дереу газ-түтіннен қорғау қызметінің буындары құрылып, барлау жұмыстары басталды. ТЖМ күштері суды үздіксіз жеткізді. 50 адам, соның ішінде 7 бала эвакуацияланды. 490 адам өздігінен қауіпсіз жерге шықты", - деп жазылған хабарламада.

Өрт 1600 шаршы метр алаңда толығымен сөндірілген. Оқиға орнында сынақ зертханасының және ТЖД анықтау бөлімінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

ТЖМ мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Фото: ТЖМ

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу