Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Атырауда екі күн бұрын жоғалып кеткен адамның денесі Жайық түбінен табылды

Оқиға
Атырауда екі күн бұрын жоғалып кеткен адамның денесі Жайық түбінен табылды

Атырау облысы төтенше жағдай мамандары 21 қаңтарда үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған азаматтың денесін Жайық өзенінен тапты, деп хабарлайды Malim.kz.

Облыстық ТЖД мәліметінше, 1968 жылғы азамат сағат 4:00-де белгісіз бағытта үйден шығып кеткен. Оны іздестіру-құтқару жұмыстары 22 қаңтар сағат 17:00-ден бастап полиция қызметкерлеріне көмектесу мақсатында жүргізілген.

Іздестіру-құтқару жұмыстары Атырау қаласы, Жайық өзенінде сүңгуірлердің көмегімен жүзеге асырылған. Оған Атырау облысы ТЖД 9 құтқарушы, 5 бірлік техника, 2 жүзу құралы және 1 дрон жұмылдырылған.

Нәтижесінде 22 қаңтар сағат 19:35-те азаматтың денесі судан шығарылып, полиция қызметкерлеріне тапсырылған.

Фото: Атырау облысы ТЖД

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу