freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Атыраудағы атышулы іс: 7 жылға сотталған Хаменоваға қатысты күтпеген шешім шықты

Қоғам
Атыраудағы атышулы іс: 7 жылға сотталған Хаменоваға қатысты күтпеген шешім шықты
kapital.kz. Суретте: Бақытгүл Хаменова

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот шешімі өзгертілді, деп Malim.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Сот үкіміне сәйкес, оған тағайындалған бас бостандығынан айыру жазасы шектеу жазасына ауыстырылды. Бұл шешім кішкентай баласының болуына байланысты берілген үш жылдық кейінге қалдыру мерзімі аяқталған соң қабылданған.

2026 жылғы 16 наурызда Атырау қаласының №2 соты пробация қызметінің ұсынысын қарады. Белгілі болғандай, осы уақыт аралығында Хаменова қоғамдық тәртіпті бұзбаған, әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған және бала тәрбиесіне қатысты міндеттерін толық орындаған.

Осы жағдайларды ескере отырып, сот оның жазасының өтелмеген бөлігін 7 жыл мерзімге шектеу жазасына ауыстыру туралы шешім шығарды. Сонымен қатар осы кезең ішінде оған пробациялық бақылау белгіленді.

Айта кетейік, 2022 жылғы 15 қарашада дәл осы сот Хаменованы Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша (пара алу) кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын және өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айыру жазасын тағайындаған болатын.

Сот материалдарына сәйкес, іс Абай Құнанбайұлына арналған ескерткіш орнату жобасы кезінде 4,5 миллион теңге көлемінде пара алу фактісіне қатысты болған. Сондай-ақ сот оның мүлкін тәркілеу туралы шешім шығарған.

Хаменова өз кінәсін мойындамай, үкімге шағым түсіргенімен, сот шешімі өзгеріссіз қалған.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде оның салтанатты іс-шараға қатысқан видеосы тараған еді. Бұл жағдайға қатысты Бас прокуратура тарапынан түсініктеме беріліп, оның пробация қызметінің рұқсатымен қатысқаны және заң бұзушылық анықталмағаны хабарланған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу