Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Әуе шоуы кезінде ұшақ апатқа ұшырады: ұшқыш қаза тапты

Әлем
Әуе шоуы кезінде ұшақ апатқа ұшырады: ұшқыш қаза тапты

22 наурызда Оңтүстік Африканың Салданья қаласында өткен Батыс жағалаудағы әуе шоуы кезінде жүздеген көрерменнің көз алдында ұшақ апат болды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Sky News басылымына сілтеме жасап. 

Куәгерлердің айтуынша, ұшақ шоу кезінде толықтай бақылауда болды. Бірақ соңғы маневрден кейін кенет басқарудан шығып, төменге қарай құлдилады.

Әуе шоу кезінде ұшақ тәжірибелі ұшқыш Джеймс О'Коннелл басқаруында болды. Ол апат кезінде қаза болды. 

Шоуды ұйымдастырушылардың айтуынша, ұшқыш апат кезінде катапульталауды орындамаған. Дәрігерлер оқиға орнына апат болғаннан кейін екі минут ішінде жетті. Бұл уақытта апат болған ұшақ қирандысы отқа оранған еді. 

Оңтүстік Африканың азаматтық авиация басқармасы ұшақ апатына не себеп болғанын анықтап жатыр.

Фото: Видеодан алынған скрин 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу