Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Автонесие алуға өтініш беру тәртібі өзгереді  

Сұқбат
Автонесие алуға өтініш беру тәртібі өзгереді  

Қазақстанда жеңілдетілген автонесие алуға өтініш беру тәртібі өзгеруі мүмкін. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты.  

Қарабаев үкімет отырысында: «Берілетін несие сомасы 10 миллион теңгеге дейін болуы тиіс, автокөліктің құны 15 миллион теңгеден аспауы қажет. Халыққа көліктер қолжетімді болуы үшін, бұл бағдарламада қымбат көліктер болмауы қарастырылған. Біз бағдарламаны айдың аяғына дейін бастауға тырысамыз», - деді.  

Министрдің айтуынша, осы аптада Өнеркәсіпті дамыту қоры брифинг өткізеді, онда бағдарламаны қайта бастаудың нақты күні айтылады.

«Бұл жерде бағдарламаның тетігін қайта қарау туралы мәселе тұр. Егер бұған дейін олар алдымен автосалондарға жүгініп, содан кейін банкке барса, Өнеркәсіпті дамыту қоры басқа механизмді ұсынады: алдымен Өнеркәсіпті дамыту қорына жүгінеді, онда электронды кезек болады, содан кейін автосалонға барады. Автосалондар олармен келісілген белгілі бір мерзімде көлікті ұсына алуы үшін», - деп түсіндірді министр.

Жаңа автокөліктерді ұзақ күту туралы айта келе, Қарабаев мұндай жағдай Қазақстанда ғана емес екенін атап өтті.

«Бұл кез келген елде, тіпті KIA өндірілетін Оңтүстік Кореяда болады. Сондай-ақ, кей маркалары халықтың 2-2, 5 жыл күтуіне тура келеді», - дейді ол.     

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу