Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

AZAL апатында қаза тапқандардың туыстары Ақтауда аза тұтты

Оқиға
AZAL апатында қаза тапқандардың туыстары Ақтауда аза тұтты

Ақтауға AZAL әуе компаниясының Embraer ұшағы экипажы мүшелерінің туыстары келді. Олар «Баку-Грозный» рейсінің апатында қаза тапқан жандардың жақындары. Сапар әуе апатының жылдығына орай ұйымдастырылған. Бұл туралы Azattyq Rýhy жазды. 

Әзербайжанның ұлттық қаһарманы Хокума Әлиеваның бауыры Джошгун Насиблидің айтуынша, делегация құрамында Ұлттық қаһармандар Игорь Кшнякин мен Александр Кальяниновтың туыстары, сондай-ақ қаза тапқан бірнеше жолаушының отбасылары болған. 

«Сапарды ұйымдастыруға көмектескен Қазақстандағы еліміздің консулдығына және AZAL әуе компаниясына алғысымызды білдіреміз. Президент мырзаның табандылығының арқасында кінәлілер жазаланып, әділдік орнайды деп үміттенеміз. Бұл қылмысқа құқықтық баға берілгенде ғана жанымыз тыныш табады. Сондай-ақ Қазақстандағы отандастарымызға қолдаулары үшін алғыс айтамыз», - деді Джошгун Насибли.

Еске салайық, өткен жылдың 25 желтоқсанында «Баку–Грозный» бағытымен ұшқан AZAL ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшырады. 38 адам қаза тауып, 29 адам жарақат алды. Қайғылы оқиғаның себептері бойынша тергеу жалғасып жатыр және ол халықаралық бақылауда тұр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу