freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бағдат Мусин және "Қазақтелеком" командасы 752 млн теңге көлемінде сыйақы алған

Құқық
Бағдат Мусин және "Қазақтелеком" командасы 752 млн теңге көлемінде сыйақы алған
Gov.kz

KASE-де "Қазақтелекомның" 2025 жылға арналған шоғырландырылған қаржылық есебі жарияланды.

Акционерлер 2025 жылдағы компанияның таза табысын бөлу тәртібін бекітті: 3 миллиард 533 миллион 203 мың 977,54 теңге дивиденд төлеуге бағытталсын деп шешілді. Қалған бөлігі компанияда қалды.

Компанияның қаржылық есебінде "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС-дағы 100% үлесті сату айтарлықтай әсер еткен. Бұл Tele2, Altel және МТС брендтерін қамтиды. Соңғысы Катардан келген инвесторға 1,1 миллиард долларға сатылған. 

Жалпы алғанда, компанияның 2025 жылғы түсімі – 587,2 миллиард теңге. Операциялық пайдасы – 94,5 миллиард теңге, ал таза пайдасы – 147 миллиард теңге болды.

“Компанияның негізгі қарыздық жүктемесі – қысқа мерзімді қарыздар мен жеткізушілер алдындағы берешек. Бұл шамамен 300 миллиард теңге”, – делінген 2025 жылдың соңындағы деректерде.

QAMS қауымдастығының мәлімдеуінше, компания шоғырландырылған есебіне сәйкес, жалпы және әкімшілік шығыстар құрамында көрсетілген негізгі басқарушы қызметкерлерге берілген сыйақы сомасы 2025 жылы 752,280 миллион теңге болды.

Осылайша, Бағдат Мусин және оның "Қазақтелекомдағы" командасы 2025 жыл үшін 752 миллион теңге көлемінде сыйақы алған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу