freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Балалар лагерьлеріне бірыңғай талап енгізілді

Құқық
Балалар лагерьлеріне бірыңғай талап енгізілді

2026 жылғы 1 сәуірден бастап елімізде алғаш рет балалар сауықтыру орталықтарының қызметін лицензиялау жүйесі енгізілді.

Оқу-ағарту министрлігі балалардың жазғы демалысын қауіпсіз әрі сапалы ұйымдастыру бағытында жүйелі жұмыс істеліп жатыр. 2026 жылғы 1 сәуірден бастап елімізде алғаш рет балалар сауықтыру орталықтарының қызметін лицензиялау жүйесі енгізілді. Бұл бастама балалардың демалысы, оқуы және сауықтырылуы үшін бірыңғай талаптарды қалыптастыруға бағытталған.

️ Ұйымдарға түсетін әкімшілік жүктемені азайтып, құжаттарды жыл сайын қайта рәсімдеу қажеттілігін болдырмау мақсатында лицензияның қолданылу мерзімі бес жыл болып белгіленді. Бұл ұйымдар қызметінің тұрақтылығын қамтамасыз етіп, мемлекеттік бақылауды жүйелі жүргізуге мүмкіндік береді.

Лицензиялау балаларға көрсетілетін білім беру және сауықтыру қызметтерінің сапасын арттыруға, сондай-ақ қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған. Жаңа талаптарға сәйкес балалар сауықтыру орталықтары инфрақұрылым, кадрлық қамтамасыз ету, медициналық қызмет көрсету және қауіпсіздік бағыттары бойынша белгіленген стандарттарға сай болуы тиіс.

️ Сонымен қатар жаңа жүйе талаптарға сәйкес келмейтін және қауіпсіздік талаптарын сақтамайтын бейресми ұйымдардың қызметін шектеуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде қызмет сапасы артып, ұйымдардың жауапкершілігі күшейеді.

️ Балалар сауықтыру орталықтарына қойылатын негізгі лицензиялық талаптар:
* білім беру және сауықтыру бағдарламаларының болуы;

* білікті педагогикалық және медициналық кадрлармен қамтамасыз етілуі;
* санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы;
* қауіпсіздік жүйелерінің болуы;
* материалдық-техникалық базаның белгіленген стандарттарға сәйкестігі.

️ Жазғы демалысты ұйымдастыру мақсатында өңірлерде әкімдіктер жанынан ведомствоаралық штабтар құрылды. Ведомствоаралық комиссиялар балалар сауықтыру орталықтарының маусымға дайындығына алдын ала бағалау жүргізіп жатыр. Ал Оқу-ағарту министрлігінің білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменттері балалар сауықтыру-білім беру орталықтарының өтінімдері негізінде лицензия рәсімдеуде.

️ Қабылданған шаралар балалардың демалысы мен сауықтырылуын қауіпсіз әрі сапалы ұйымдастыруға, сондай-ақ елімізде білім беру-сауықтыру қызметтерінің бірыңғай стандартын қалыптастыруға мүмкіндік береді. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу