Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

Құқық
Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

Банк қызметіндегі алаяқтық әрекеттерді азайту бағытында қандай істер атқарылуда? Kazinform бас прокурор Берік Асыловтың Мәжіліс депутатының сауалына жолдаған жауабын келтірді.

Қаржы секторындағы заң бұзу фактілері бойынша банктер мен микроқаржы ұйымдарының қызметкерлеріне қатысты, оның ішінде алаяқтық (ҚК-нің 190-бабы), өкілеттіктерді теріс пайдалану (ҚК-нің 250-бабы), сондай-ақ міндеттеріне адал қарамау (ҚК-нің 254-бабы)фактілері бойынша 61 сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, - деп жазады Бас прокурор. 

Берік Асылов осыған ұқсас жағдайларды болдырмау үшін жыл басынан бері шағын кредит беру талаптары күшейтілгенін еске салады.

Қазіргі таңда клиентті биометриялық сəйкестендіру жəне ЭЦҚ құралдары бір мезгілде қолданылған кезде ғана шарт жасасуға рұқсат етіледі. Ал қарыз алушының шотына ақшалай қаражат аудару клиентке оның банк шотының немесе төлем картасының тиесілі екенін анықтағаннан кейін жүзеге асырылады, - деп жазылған жауапта.

Фото:  gov.kz


 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу