Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бақытжан Байжанов сотқа берген өтінішін қайтарып алды

Құқық
Бақытжан Байжанов сотқа берген өтінішін қайтарып алды

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың 4 жылға сотталған інісі Бақытжан Байжанов Жоғарғы Сотқа берген өтінішін қайтарып алды, деп хабарлайды Malim.kz.

Осыған байланысты ол қаралмайды. Бұл туралы Жоғарғы Сот мәлімдеді.

"26 тамызда Байжанов сот актілерін қайта қарау туралы өзінің кассациялық өтінішін кері қайтарып алды, осыған байланысты өтінішті алдын ала қарау жүргізілмейді. Өтінішті қайтару туралы қаулы 2024 жылғы 4 қыркүйекте шығарылады", - делінген сот хабарламасында.

Өтінішті кері қайтарып алу себептері нақтыланбаған.

Айта кетейік, бұған дейін Бақытжан Байжанов кассациялық шағым берген болатын. 

ске салайық, Бақытжан Байжанов аса ауыр қылмысты жасырды деген айыппен 4 жылға бас бостандығынан айырылған. Ал сол қылмысты жасаған, яғни әйелін азаптап өлтірген үшін айыпты деп танылған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталған. 

Экс-министрдің апелляциялық шағымы да қанағаттандырылған жоқ. Қазір ол жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтеп жатыр.

Фото: Жоғарғы сот

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу