Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Барлық учаскелер толық тексерілді": Атырауда жоғалып кеткен отбасы жайлы ел естімеген дерек шықты

Қоғам
"Барлық учаскелер толық тексерілді": Атырауда жоғалып кеткен отбасы жайлы ел естімеген дерек шықты
Alash.kz коллажы

Жангелдин ауылында жоғалған тұрғындарды іздеуге қатысты жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары тоқтатылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Департаменттің хабарлауынша, іздеу шаралары Атырау облыстық полиция департаменті жолдаған ресми сұрау негізінде жүргізілген. Құтқару бөлімшелері елді мекен аумағын толықтай тексеріп шыққан.

"Полиция белгілеген барлық учаскелер толық тексерілді. Қазіргі уақытта полиция департаментінен іздестіруді жалғастыруға қатысты жаңа тапсырмалар немесе бағыттамалар түскен жоқ", – деп мәлімдеді ТЖД.

Еске сала кетейік, бір отбасының мүшелерін іздеу 2025 жылғы 25 желтоқсанда туыстарының құқық қорғау органдарына жүгінуінен кейін басталған. Тергеу барысында қора аумағынан үй иесі мен оның жұбайының мәйіттері табылған.

Алайда олардың балалары – Наурыз бен Мирамгүл әлі күнге дейін табылған жоқ.

Сонымен қатар марқұмдардың күйеу баласы Сұлтан Сарсемалиев те із-түзсіз кеткен. Ол адам өлтіру дерегі бойынша күдікті ретінде қарастырылып отыр. Бұдан бөлек, оның жұбайы – қаза болған ерлі-зайыптылардың қызы Ақбаян да осы уақытқа дейін табылмаған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу