Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Батыс Қазақстанның бірнеше ауданы өртеніп жатыр

Сұқбат
Батыс Қазақстанның бірнеше ауданы өртеніп жатыр

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрттің басым бөлігі өшірілгенімен, 18 мың гектардан астам аумақ әлі де жанып жатыр. Кешеден бері облыстың төрт ауданында құрғақ шөп пен орманда өрт шыққан.

Сырым ауданында – жеті мың гектар, Ақжайық ауданында – 11,7 мың гектар және Бөрлі ауданында – 0,02 гектар аумақта ірі өрт әлі өшкен жоқ.

Бір күн бұрын құтқарушылар Теректі ауданындағы Айтиево ауылынан 250 адамды қауіпсіз жерге көшірген. Өртеніп жатқан дала мен орманнан шыққан өрт ауылға дейін жетіп, екі шаруашылық ғимараты жанып кеткен.  Құтқарушылардың айтуынша, қазіргі кезде ауылдағы от сөндіріліп эвакуацияланғандардың 44-і үйлеріне оралған.

Өртті сөндіруге көрші Ақтөбе облысынан өрт сөндірушілер келіп, билік тарапынан екі тікұшақ берілген. Оның бірі (Eurocopter) Сырым ауданында, екіншісі (Ми-875) Ақжайық өңірінде жұмыс істеуде.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу