Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бексұлтан Құлмырза пара дзюдодан әлем чемпионы атанды

Спорт
Бексұлтан Құлмырза пара дзюдодан әлем чемпионы атанды

Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтіп жатқан пара дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын жүлде түсті, деп хабарлайды Malim.kz.

Туризм және спорт министрлігі мәліметінше, J2 санатындағы 81 келі салмақта ерекше жайт тіркеліп, қос отандасымыз Бексұлтан Құлмырза мен Ғалымжан Смағұлұлы өзара чемпиондық атақты сарапқа салды. 

3 минут 11 секундқа жалғасқан тартысты белдесуде Бексұлтан Құлмырза қарсыласын иппонға түсірді. 

Айта кетейік, жерлестеріміз үшін бұл – спорттық мансабындағы алғашқы жүлде.
Фото: gov.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу