Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бибосынов кәсіпқой рингтегі дебютін нокаутпен бастады

Спорт
Бибосынов кәсіпқой рингтегі дебютін нокаутпен бастады

Бокс жанкүйерлері 20 шілде күні Бішкекте өткен кәсіпқой бокс кешінде еліміздің мақтанышы Сәкен Бибосыновтың кәсіпқой рингтегі дебютін тамашалады, деп хабарлайды Malim.kz 1bol.kz сайтына сілтеме жасап. 

Олимпиада ойындарының жүлдегері бұл жекпе-жекте қарсыласын алғашқы раундта-ақ сұлатып түсірді.

Сәкеннің қарсыласы 23 жастағы филиппиндік боксшы Кристиан Легане (6-1-3, 4 KO) еді. Екі боксшы да жекпе-жек алдындағы ресми салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өткен: Бибосыновтың салмағы 51,9 келі болса, Легане 51,7 келіні көрсетті. 

Жекпе-жек 52,1 келі салмақ дәрежесінде алты раундқа жоспарланған болатын. Алайда, Сәкен қарсыласын нокаутқа жіберіп, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады.

Айта кетейік, Сәкен Бибосынов әуесқой бокста да біраз белесті бағындырған: 2021 жылы Белградта әлем чемпионы атанып, Токио Олимпиадасында қола жүлдеге иелік етті. Сонымен қатар, Азия чемпионаттарында қола (2021) және күміс (2022) медальдар иеленген.

Бұл кеште Бибосыновтың байырғы қарсыласы өзбекстандық Хасанбой Дусматов та шаршы алаңға шықты және жеңіске жетті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу