Алматыда Арбатта атом өндірісі қызметкерлері күніне орай көрме өтті

Көрмеде ядролық физика институтының өнімдері таныстырылды

Мәди Саматұлы

  • 28.09.2024

Атом өндірісі қызметкерлері күніне орай Ядролық физика институты Алматыдағы Арбатта ғылыми-техникалық және өндірістік қызметінің негізгі бағыттарын таныстыруға арналған көрме өткізді. Көрмеде институтта өндірілетін өнімдер мен онкологияны анықтауға қолданылатын 2 генератор таныстырылды, деп хабарлайды Malim.kz.

ЯФИ 1957 жылы құрылған және атом саласында іргелі және қолданбалы зерттеулермен айналысатын Қазақстанның жалғыз ғылыми ұйымы ретінде белгілі. Институтта шамамен 700 маман жұмыс істейді, олардың әр оныншысы ғылым кандидаты немесе докторы дәрежесіне ие.

Басты мақсатымыз еліміздің индустриалды-инновациялық және әлеуметтік-экономикалық дамуы мүддесінде атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану үшін ғылым мен технологияларды дамыту және қолдану, деді ЯФИ ғылыми-техникалық жылдамдатқыш технологиялар өндірісінің басшы орынбасары Игорь Данко.

ЯФИ жылдамдатқыш технологиялар бөлімінің басшы орынбасары Александр Сенягиннің айтуынша, қазір Қазақстанда диагностика үшін қолданатын екі фармпрепарат бар, біріншісі «фтор 18», ол онкологиялық ауруларды анықтауға қолданылады. Ол үшін тамографтар қолданылады, адамның қан тамырына еріткіш енгізіледі. Изотоп ісікке жиналады, арнауы диагностикалық апараттың көмегімен дәрігерлер ісіктің қай жерде және көлемін анықтай алады.

«Фтор 18-ден» бөлек, «технец 99» генератор түрінде жеткізіледі. Генераторға ерітінді қойылып, белсенді элемент арқылы өтіп, изотоптық препарат алынады. Бұл генератор клиникада екі апта жұмыс істейді, содан кейін қайта қуатталып, медициналық мекемеге қайтарылады. Ол да онкологияны анықтауға және қалқанша безін емдеуге қолданылады. «Фтор 18» Аламатыдағы 3 және Шымкенттегі 1 ауруханаға жеткізіледі. Ал «технец 99» еліміздегі 4 аурухнаға және Қырғызтанға біреуі жеткізіледі, дейді Александр Сенягин.

Сонымен қатар, институт гидрогелі таңғыштарды, косметикалық маскаларды, медициналық бұйымдарды зарарсыздандыруды және тіпті асыл тастарды, атап айтқанда, топаздарды бояу үшін қолданылады.

Бүгінде институттың негізгі базасында 23 ғылыми-зерттеу зертханасы және заманауи аналитикалық және сынақ жабдықтарымен қамтылған 3 ғылыми-техникалық орталық бар.

Бұндай шара атом энергетикасына қатысты халықтың қызығушылығы артып келе жатқан тұста маңызды болды. Арбатта өткен көрме барысында атом энергетикасы және АЭС құрылысы саласындағы халықаралық озық тәжірибе де баяндалды.

Айта кетейік, Қазақстанда АЭС құрылысы бойынша референдум 6 қазанда өтеді.

Фото: Malim.kz

Байланысты жаналықтар

Лавров: Ресей Қазақстанда АЭС салатын халықаралық консорциум жұмысына атсалысуға ниетті

07.11.2024

«Ұлы Дала жауһарлары» Парижде көрсетіледі

02.11.2024

Ауғанстан енді Қазақстанға қару-жарақ сата ма? - Жұманғарин түсіндірді

23.10.2024

АЭС-ті Ресей салған жағдайдағы саяси тәуекелдер. Скляр не деді?

08.10.2024

Референдумда халықтың 71,12 пайызы АЭС құрылысын қолдады

07.10.2024

Бірінші exit poll нәтижесі: дауыс берушілердің 69,8 пайызы АЭС құрылысын қолдады

07.10.2024
MalimBlocks
Лавров: Ресей Қазақстанда АЭС салатын халықаралық консорциум жұмысына атсалысуға ниетті

«Росатом» бұл мәселені шешуге қажетті өз құзыретін ұсынуға толығымен дайын», – деді ол.

«Ұлы Дала жауһарлары» Парижде көрсетіледі

Көрме Ұлттық музей мен мемлекеттік қорық-музей коллекциясынан құралады

Ауғанстан енді Қазақстанға қару-жарақ сата ма? - Жұманғарин түсіндірді

АЭС-ті Ресей салған жағдайдағы саяси тәуекелдер. Скляр не деді?

Шартта санкциялық келісім қарастырылатын болады

Референдумда халықтың 71,12 пайызы АЭС құрылысын қолдады

Референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 12 млн 284 мың 487

Бірінші exit poll нәтижесі: дауыс берушілердің 69,8 пайызы АЭС құрылысын қолдады

Қазақстан бойынша 10 249 референдум учаскесінде дауыс берілді.