Биылғы ҰБТ-да 628 талапкердің нәтижесі жойылған

Апелляцияға 65 мыңнан астам өтініш түскен

Мәди Саматұлы

  • 13.07.2024

2024 жылғы ҰБТ қорытындысы жарияланды. Республика бойынша 181 мыңнан астам талапкер (екі мүмкіндікте есепке алғанда 326 мың рет) ҰБТ тапсырды, деп хаарлайды Malim.kz.

Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, талапкерлердің 75,1%-ы қазақ тілінде, 24,8%-ы орыс тілінде, 168-і ағылшын тілінде тестілеуден өткен.

Соның ішінде:

шекті балды 76,4%-ға жуық (139 мың) талапкер жинады;

орташа балл – 68 балл;

641 ерекше білім беру қажеттілігі бар бала қатысты;

ең жоғары балл – 140.

Ереже бұзғаны үшін 628 адамның нәтижесі жойылған. Оның ішінде:

393 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды;

тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 188 адам шығарылды;

бейнежазбаларды тексеруден соң ереже бұзған 47 адамның нәтижесі жойылды;

бөгде тұлғалар анықталған жоқ.

Айта кетейік, биыл 65 мыңнан астам апелляциялық өтініш келіп түсті. Апелляцияны қарастыратын комиссия жұмысын 13-14 шілде аяқтайды, содан кейін талапкерлердің сертификаттары жеке кабинетте қолжетімді болады.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбаларына талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда талапкердің ҰБТ нәтижесі жойылады.

Фото: baq.kz

Байланысты жаналықтар

Наурыздағы ҰБТ: 163 мың түлек сынақтан өтеді

27.02.2025

Бүгін қаңтар ҰБТ-сы басталды. Оған 167 мыңға жуық өтініш түскен

13.01.2025

Елімізде бүгін тамыз ҰБТ-сы басталды

10.08.2024

Талапкерлер Ғылым және жоғары білім министрлігін сотқа бермек

09.08.2024

Грантқа түскен талапкерлердің эмоциялы сәттері жарияланды (ВИДЕО)

03.08.2024

«Жыл дуэті»: ҰБТ-да 1 балл мен 140 балл жинаған түлектер кездесті

31.07.2024
MalimBlocks
Наурыздағы ҰБТ: 163 мың түлек сынақтан өтеді

ҰБТ 1 наурыз бен 6 сәуір аралығында өтеді

Бүгін қаңтар ҰБТ-сы басталды. Оған 167 мыңға жуық өтініш түскен

ҰБТ тапсырушылардың 76,7%-ы қазақ тілін таңдаған

Елімізде бүгін тамыз ҰБТ-сы басталды

Тестілеуге қатысу үшін 21 мыңнан астам өтініш қабылданған

Талапкерлер Ғылым және жоғары білім министрлігін сотқа бермек

Талапкерлерге заңгер көмектесуге дайын.

Грантқа түскен талапкерлердің эмоциялы сәттері жарияланды (ВИДЕО)

Биыл грантқа 104 мыңнан астам талапкер құжат тапсырған

«Жыл дуэті»: ҰБТ-да 1 балл мен 140 балл жинаған түлектер кездесті

Түлектердің кездесуіне көпшілік таңғалған.