Елімізде бүгін тамыз ҰБТ-сы басталды
Тестілеуге қатысу үшін 21 мыңнан астам өтініш қабылданған
Ғылым және жоғары білімминистрлігінің мәлімдеуінше, ҰБТ-ға қатысушылардың 66%-ға жуығы қазақ тілінде, 34%-ы орыс тілінде, 69 адам ағылшын тілінде тест тапсыруға ниет білдірген, , деп хабарлайды Malim.kz.
ҰБТ-ны өткізудің бірінші күні 5,7 мың адам емтихан тапсырмақ. Ал тестілеудің өзі 15 тамызға дейін жалғасады.
Тамыздағы ҰБТ белгіленген шекті балл жинай алмаған, бейінді пәндер комбинациясы сәйкес келмейтін ҰБТ нәтижелері бар, ҰБТ нәтижелері жойылған талапкерлердің тестілеуден қайта өтіп, жоо-ға ақылы негізде түсу мүмкіндігі болуы үшін өткізіледі. Тіркелу кезінде тестіленушілер емтихан өткізілетін пунктті, күнді және уақытты өздері таңдады, деп жазылған министрліктің ресми мәлімдемесінде.
Ал талапкерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға өтініш бере алады. Сертификат апелляция туралы шешім қабылданғаннан кейін тестіленушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.
2024 жылғы ҰБТ қорытындысы бойынша белгіленген шекті балл жинай алмаған, тестілеу нәтижесі жойылған, бейіндік пәндер комбинациясысәйкес келмейтін талапкерлерге ЖОО-ға шартты түрде ақылы негізде оқуға түсу мүмкіндігі беріледі. Ары қарай олар 2025 жылы қаңтар, наурыз, негізгі және тамыз ҰБТ-сына қатысып, ЖОО-да оқуын жалғастыру үшін қажетті шекті балын жинай алады.
Фото: baq.kz