Мемлекеттік білім гранты иелерінің тізімі жарияланды

Ең үлкен талас «Стоматология» мамандығында тіркелген

Мәди Саматұлы

  • 03.08.2024

Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Ұлттық тестілеу орталығы 2024-2025 оқу жылына арналған білім гранты иегерлерінің тізімі жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Грантқа 104 мыңнан астам талапкер құжат тапсырған. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 10 мыңға артық.

Грантқа ең үлкен талас «Стоматология» мамандығында тіркелген. Бір орынға 35 талапкер таласқан. Соған ұқсас жаңдай «Халықаралық қатынастар және дипломатия» (11 адам), «Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау» (10 адам), «Аударма ісі» және «Психология» (9 адам) мамандықтарында болған.  

Грантқа үміткерлер арасында балы тең түскен жағдайда басым құқыққа ие болатын 22 мыңнан астам талапкер, олардың ішінде  «Алтын белгі» иегерлері, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары, оқу үздіктері бар. Сондай-ақ, гранттарды үйлестіру барысында әлеуметтік осал санаттағы балалардың квоталары ескерілді, деп жазылған ресми мәлімдемеде.

Жоғары оқу орындарына құжат тапсыру 25 тамызға дейін жалғасады.

Естеріңізге сала кетсек, гранттардың басым бөлігі инженерлік және техникалық бағыттарға бөлінген. Алғаш рет ішінара оқу ақысы бар сараланған гранттар енгізілді. «Педагогикалық ғылымдар» және «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат» бағыттары бойынша 150 сараланған гранттан бөлінген. Сондай-ақ, «Серпін» бағдарламасы арқылы түсушілерге 3 903 грант қарастырылған. Гранттар тізімінде халық тығыз қоныстанған және батыс өңірлері жастарын жетекші жоғары оқу орындарында оқыту үшін 5 мың мақсатты білім беру гранты бар.

Толық тізіммен мына сілтемеде танысуға болады.

Фото: timeskz.kz

Байланысты жаналықтар

ШҚО-да WorldSkills Shygys 2025 өңірлік чемпионаты аяқталды

16.05.2025

Серік Қонақбаев Қазақстандағы ең бай кәсіпкерлер тізіміне енді

10.05.2025

Колледждерге берілетін қаржы екі есе артады

06.05.2025

Қазақстанда жаңа мамандықтар пайда болады

03.05.2025

Қазақстандық оқушы әлемнің 86 университетінен шақырту алды

02.05.2025

Испания үкіметі "Көкжиде" жерасты су орнын зерттеуге грант бөледі

23.04.2025
MalimBlocks
ШҚО-да WorldSkills Shygys 2025 өңірлік чемпионаты аяқталды

Серік Қонақбаев Қазақстандағы ең бай кәсіпкерлер тізіміне енді

Колледждерге берілетін қаржы екі есе артады

Қазақстанда жаңа мамандықтар пайда болады

Қазақстандық оқушы әлемнің 86 университетінен шақырту алды

Испания үкіметі "Көкжиде" жерасты су орнын зерттеуге грант бөледі