Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Блогер Дана Орманбаеваға халықаралық іздеу жарияланды

Құқық
Блогер Дана Орманбаеваға халықаралық іздеу жарияланды

Қазақстандық публицист және продюсер Дана Орманбаева әлеуметтік желіде ұлтаралық араздықты қоздыру ісі бойынша халықаралық іздеуге жарияланды, - деп хабарлайды Malim.kz.

Алматы полиция департаменті соттың "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын сырттай санкциялағанын атап өтті.

Сонымен бірге сот күдіктіге халықаралық іздеу жариялады, деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаменті.

Еске салайық, 2024 жылдың сәуірінде алматылық тұрғынның әлеуметтік желілерде ұлтаралық араздықты қоздыру белгілері бар қорқытулар мен балағат сөздер жариялауы туралы мәлімдемесінен кейін полиция Дана Орманбаеваға қатысты қылмыстық іс қозғаған болатын.

Фото: t.me/danapartner

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу