Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бүгінгі саудада доллар арзандады

Экономика
Бүгінгі саудада доллар арзандады

Қазақстан қор биржасы (KASE) 31 шілдеде сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша сауда-саттықты жапты, деп хабарлайды Malim.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,21 теңгеге төмендеп, 473,95 теңгені құрады.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да 65,40 теңгеге дейін төмендеді (-0,03).

Ақша айырбастау орындарында доллар 474,3-476,3 теңгеге, еуро 512,5-516,5 теңгеге, ресей рублі 5,33-5,45 теңгеге сатылуда.

Бұл ретте 31 шілдедегі аукционда әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында қазан айындағы Brent фьючерстерінің құны 2,02%-ға өсіп, барреліне $79,65 құрады.

NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнай фьючерстерінің қыркүйек айындағы бағасы 2,21%-ға қымбаттап, барреліне 76,38 долларды құрады.

Ұлттық банк бұған дейін доллар бағамын 475,37 теңге, еуроны 514,97 теңге, рубльді 5,51 теңге деп белгілеген болатын.

Фото: Egemen.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу