Украина президенті Владимир Зеленский және АҚШ президенті Дональд Трамп Римде қысқа кездесу өткізді. Олар Италияға Рим папасы Францискімен қоштасу рәсіміне барған еді, деп хабарлайды Malim.kz.
Жақсы кездесу болды. Бір-бірімізбен бетпе-бет отырып, көп тақырыпты талқыладық. Барлық айтылған мәселелерден нәтиже шығатынына үміттенеміз. Халқымыздың өмірін қорғау, атысты толық әрі сөзсіз тоқтату, соғыстың қайталануына жол бермейтін сенімді және ұзақ мерзімді бейбітшілік орнату — басты мақсат. Бұл өте символикалық кездесу болды, егер ортақ нәтижеге қол жеткізсек, тарихи оқиғаға айналуы мүмкін. Рақмет, президент Дональд Трамп! – деп жазды Украина президенті өзінің Telegram-арнасында.
Ақ үйдің коммуникациялар жөніндегі директоры Стивен Ченгтің айтуынша, қосымша мәліметтер сәл кейінірек жарияланады.
Фото: ©️ instagram/zelenskyy_official