1 маусымнан бастап пойызбен қайда бара алатыныңыз белгілі болды

Malim Админ

  • 26.05.2020

Әлемдегі пандемия себебінен жолаушылар тасымалы елімізде де тоқтаған болатын. Соған сәйкес темір жол торабы да уақытша жұмысын үзген. Енді 1 маусымнан бастап, елдегі эпидемиологиялық жағдайды ескеріп, халықтың сұранысына орай пойыздар жүре бастайды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ақпаратына сәйкес, бастапқы кезде 54 пойыз қатынай бастайды:

Нұр-Сұлтаннан – Алматы, Маңғыстау, Өскемен, Сарыағаш, Семей, Арқалык, Павлодар, Петропавл/Қызыл ту, Орал, Жезқазган, Қызылорда;

Алматыдан – Шымкент, Павлодар, Ақтөбе, Маңғыстау, Сарыағаш, Өскемен, Жезқазган, Орал, Петропавл, Қостанай;

Кызылордадан – Семей, Көкшетау, Петропавл;

Қостанайдан – Қарағанды; Арқалык; - Қарағандыдан – Жезқазған;

Қызылордадан – Көкшетау, Петропавл;

Маңғыстаудан – Ақтөбе және қаламаңы бағыттары бойынша.

Екінші кезең 10 маусымнан бастап 39 пойызды жолға шығару жоспарланып отыр.

Нұр-Сұлтаннан - Алматы, Атырау, Достық, Орал, Айсары, Шымкент;

Алматыдан - Атырау, Ақтөбе, Орал, Өскемен, Түркістан, Петропавл;

Атыраудан - Маңғыстау, Ақтөбе, Құлсары, Карабатан бағыттары бойынша және қаламаңы бағыттары. Үшінші кезеңде аймақтарда санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай, сонымен бірге көрші елдермен келіскеннен кейін 15 пойызды жүргізу көзделген.

Алматыдан - Ташкент, Саратов, Үрімші, Новосібір, Қазан;

Нұр-Сұлтаннан – Челябі;

Қарағандыдан - Мәскеу, Омбы, Томск;

Атыраудан - Астрахан бағыттары бойынша.

«15 мамырдан бастап жолаушылар билеттері сатылып жатыр. Барлық инфраструктуралық нысандар санитарлық талаптарға сәйкес тасымалдар жасауға және құрамдар сапарға шығуға дайын. Жолаушылардың және пойыздардың бригада қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тасымалдар Көліктегі мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің ұсынымдарына сәйкес атқарылады», - деп хабарлады министрлік.

Байланысты жаналықтар

Шымкентте нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды

18.05.2025

ШҚО-да WorldSkills Shygys 2025 өңірлік чемпионаты аяқталды

16.05.2025

Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

16.05.2025

Ақтөбелік ішкі органдарын сатпақ болған

15.05.2025

Руслан Берденов отадан кейін алғаш рет ел алдына шықты

12.05.2025

Шымкент құтқарушыларына жыландарға қатысты 25 шақырту түскен

11.05.2025
MalimBlocks
Шымкентте нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды

ШҚО-да WorldSkills Shygys 2025 өңірлік чемпионаты аяқталды

Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

Ақтөбелік ішкі органдарын сатпақ болған

Руслан Берденов отадан кейін алғаш рет ел алдына шықты

Шымкент құтқарушыларына жыландарға қатысты 25 шақырту түскен