«AMANAT»: МӘДЕНИЕТ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ АРТАДЫ

  • 13.03.2023

 

«AMANAT»  ұйымының сайлауалды партиялық тізімі бойынша ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаттығына БҚО-дан ұсынылған кандидат Снежанна Имашева және облыстық мәслихатқа үміткер Софья Ізмұханбетова Оралдағы мәдениет майталмандарымен жүздесті.

            Жиында штаб мүшелері партияның сайлауалды бесжылдық бағдарламасында мәдениет саласына көңіл бөлінгенін атап өтті. Бұл аралықта БҚО-ның Тасқала ауылында мұражай және мәдени-сауықтыру кешені,  Шөптікөл мен Қайыңды ауылдарында мәдениет үйлері, Хан Ордасы ауылында туристерге арналған орталық бой көтермек. Тағы 35 мәдени нысан күрделі жөндеуден өткізіледі. Оның екеуі – Орал қаласында.

            Дөңгелек үстелде мәдениет майталмандары өз ұсыныс-тілектерін білдірді. Күйші Ермек Қазиев өңірде көрнекті тұлғалардың мерейтойларын атап өтуге бюджеттен қаражат бөлінбей қалып жататынын жеткізді.

            – Мәдениет саласына көбірек көңіл бөлу керек деп ойлаймын. Мерейтойларды атап өтуге қаражат бөліне бермейді. Бөлінген күннің өзінде жеткілікті мөлшерде емес. Сәйкесінше шаралар ауқымды деңгейде өтпейді, – дейді ол.

            Ал дәстүрлі ән орындаушы Ернар Өмірәлі облыстық филармонияның мәртебесін көтеруді ұсынды.

            – Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияға «Академия» мәртебесін беру қажет деп ойлаймын. Уақыты келді. Барлық критерийлері келіп тұр. Алайда ұсынысымыз мақұлданбай жатыр, – деді орындаушы.

            Кандидаттар бұл екі ұсынысты ескеретінін айтты. Олар көрнекті тұлғалардың мерейтойына арналған шараларды қаржылай қолдаудың маңызы зор екенін атап өтті. Ал филармонияның мәртебесіне қатысты ұсынысты қайта қарауға күш салатынын жеткізді. Бұған дейін министрліктен келген жауаптар қайта сараланып, талаптары зерделенбек.

            Жиында кейін мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысын өсіру жайы талқыланды.

            – Бізде мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысы төмен. Жоғары санатты мамандардың өзі 150 мың теңгедей алады. Олар той-томалақ арқылы қосымша табыс тауып отыр. Ал оркестрде ойнайтын өнерпаздардың жағдайы тіптен қиын, – дейді әнші Марат Сарбупеев.

            – Мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысын өсіру назарда тұр. Партия бұл ұсынысты қолдайды. Жалақы жыл сайын кезең-кезеңімен өсіп отырады. Мәдениет, мұрағат және кітапхана саласындағы ұжымдардың еңбекақысын арттырамыз, – деп жауап берді Снежанна Имашева.

 

Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Байланысты жаналықтар

Абайдың атын айтып малданамыз, ауылын көрсек қорланамыз  

07.06.2023

Әлемдік деңгейдегі қойылым Түркістан театрының қоймасында жатыр

05.06.2023

ZhuldyzArt: Малайзиядан алған білім танымалдылығымды арттырды

02.06.2023

Шәкәрім шаңырағын не күтіп тұр?!

29.05.2023

Жидебайға жемқорлық емес, қамқорлық керек     

26.05.2023

Астана туралы үздік әндерге байқау жарияланады

23.05.2023
MalimBlocks
Абайдың атын айтып малданамыз, ауылын көрсек қорланамыз  

Абайдың қолжазбалары, домбырасы, тоғызқұмалағы, Құнанбай қажының кісе белбеуіне қауіп төніп тұр

Әлемдік деңгейдегі қойылым Түркістан театрының қоймасында жатыр

Әлде, жақсылығын асырып, жамандығын жасырып қалудың әрекеті ме?

ZhuldyzArt: Малайзиядан алған білім танымалдылығымды арттырды

Өзіміздің төл туындылар экспонат деңгейінде қабылданатыны қынжылтады

Шәкәрім шаңырағын не күтіп тұр?!

Абай арманын ақиқатқа айналдырам дегеніне «Батыраштар» мұрша бермеді

Жидебайға жемқорлық емес, қамқорлық керек     

Бұл жөнсіздікке қатысты адам деп Абай музейінің директоры Тұрдықұл Шаңбайдың аты аталды

Астана туралы үздік әндерге байқау жарияланады

Елорданың 25 жылдығына орай өтетін бұл байқаудағы ең үздік жұмыстар Астананың 25 жылдығына арналған ән жинағына енетін болады