Бүгін - Қадір түні

Айшолпан КЕРІМ

  • 27.04.2022

Бүгін – Қадір түні. Барша мұсылман осы қасиетті түнді асыға күтіп, дұға етіп, Алладан кешірім тілеп өткізеді.

Биыл Қадір түні сәуірдің 27-нен 28-не қараған түні деп бекітілді. Қасиетті Қадір түні ауыз ашқан уақыттан бастап, сәресіне дейін жалғасады.

Мұсылман қауымы үшін ерекше орын алатын бұл түн туралы Құран Кәрімнің "Қадір сүресінде" толық жазылған. Бес аяттан тұратын сүреде Құранның Қадір түнінде жерге түсірілгені жайлы айтылады. Сонымен қатар ол мың айдан да қайырлы болып есептеледі. Алланың бұйрығымен жерге түскен Жәбірейіл періште адамдарға қызмет етеді.

Қадір түнінде жел соқпайды. Айналада тыныштық орнап, жауын-шашын жаумайды. Бұл түні жерге түскен періштелер тастан да көп болып, олар адамдарға дұға етуге жәрдемеседі.

Қадір түнін ұйқысыз дұға етіп, құлшылықпен өткізген жөн. Ер адамдар мешітке барып, парыз намаздары мен нәпіл, қаза намаздарын жамағатпен бірге оқығаны жөн. Ал әйел адамдарға мешітке бару міндетті емес. Сондай-ақ Қадір түнінде садақа берген абзал. Биылғы жан басына бекітілген пітір садақа - 500 теңге.

Оқи отырыңыз: Қадір түнінде оқылатын дұғалар

Байланысты жаналықтар

Рамазанда сериал көруге болмайды!

05.05.2021

Сәресі және ауызашар дұғасы

12.04.2021

Айт күндері оқылатын дұғалар мен істелетін амалдар

23.05.2020
MalimBlocks
Рамазанда сериал көруге болмайды!

Сәресі және ауызашар дұғасы

Айт күндері оқылатын дұғалар мен істелетін амалдар