Димаштан асып түсетін шәкірт тәрбиелеймін – Айгүл Иманбаева

Әнші шетелде алған білімі мен тәжірибесін шәкірттерімен бөлісетінін айтты.

Сабина Асқарқызы

  • 22.05.2024

Жақында «Болашақ» бағдарламасымен Англиядағы оқуын тәмамдаған әнші Айгүл Иманбаева шәкірт тәрбиелеуге белсене кірісетінін айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесі «1001 түн» бағдарламасына берген сұхбатында өнерде жүрген әрбір адамның өз миссиясы бар екенін атап өтті.

Кім қандай мақсатта оқып келетінін мен білмеймін. Жалпы менің мақсатым, қай жерде отырайын, қай жерде жүрейін маған өнер деген жолды Құдай маңдайыма аманат қып берді ма, мен осы жолда да қызмет ете аламын. Менің өзімнің АИ академиям бар, АИ театрым бар, мемлекеттік университетте АИ шеберханам бар. Мен істейтін жұмыс көп. Сол себепті де қазір мен жиып-теріп әкелген энергиямды да, ойымды да талан-таражға түсірмей, үйренгенімнің бәрін, жазатынын жазып келдім, соның бәрін шәкірттеріме беремін, - дейді әнші.

Ол әлемдік аренада Димаш Құдайберген секілді танымал болатын шәкірт тәрбиелейтініне тоқталды.

Әр өнер адамының арқалап жүрген миссиясы бар, жолы бар. Менің миссиям – алдымда 500 шәкірт отыр, оқушысы бар, студенті бар, шәкірті бар,  сол ұрпақтың өресі биік болуы, білімді болуы, талантты болуы. Оның нәтижесін Димаш көрсетті, яғни Димаштан асып түсетін, Димаштың деңгейінде жүретін қазақта өресі де биік, білім де жоғары талантты ұл-қыздары жетеді. Оларды жол көрсетіп тәрбиелейтін кім? Өресі бар, білімі бар, таланты бар ұстаз. Мен өзімді сол қатардан көремін, - деді Айгүл Иманбаева.

Фото: instagram.com/aigul_imanbayeva

Байланысты жаналықтар

«Тосынсый жасағым келеді». Мәдина Сәдуақасова қымбат пәтер сатып алғанын айтты

02.04.2025

Домбыра құлағында ойнайтын Чили азаматшасы желідегілерді тәнті етті

30.03.2025

Бағлан Әбдірайымов соңғы шешімді қабылдады

29.03.2025

Мақпал Жүнісова халықтан кешірім сұрады

28.03.2025

Мейрамбек Бесбаев жаңа бағытқа бет бұрмақ

27.03.2025

Бүркіт 88 жасқа толған әкесінің туған күнін қалай атап өткенін көрсетті

26.03.2025
MalimBlocks
«Тосынсый жасағым келеді». Мәдина Сәдуақасова қымбат пәтер сатып алғанын айтты

Өнер иесі пәтерді жақын адамына сыйламақ.

Домбыра құлағында ойнайтын Чили азаматшасы желідегілерді тәнті етті

Ол Димаштың жанкүйері екенін айтты

Бағлан Әбдірайымов соңғы шешімді қабылдады

Мақпал Жүнісова халықтан кешірім сұрады

Әнші: Бұл жалған дүниеде бәріміз қонақпыз ғой, бәріміз пендеміз

Мейрамбек Бесбаев жаңа бағытқа бет бұрмақ

Өнер иесі оқырмандарынан кеңес сұрады

Бүркіт 88 жасқа толған әкесінің туған күнін қалай атап өткенін көрсетті

Ол жақын адамдарын қонақ еткен.