М.Әшімбаев: Ешқашан білдім, толдым деп тоқмейілсуге болмайды
«Тәуелсіздік ұрпақтары» республикалық жастар форумын қатысқан Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев сананың ашықтығы, әлеуметтік икемділік, ортамен тіл табысу, және толеранттылықтың маңызын айтып өтті.
«Бұл қасиеттерді бала кезден сіңіру керек. Осы орайда орта білім бағдарламаларын жетілдірген жөн. Дамыған технологиялар қоғамның қарапайым еңбекке деген сұранысын азайта береді. Сондықтан ой еңбегін, шығармашылық көзқарасты талап ететін саланы дамытуға баса мән берген жөн», - деді Мәулен Әшімбаев.
Сондай-ақ, ол отаншыл, патриот жастарды өз ісінің шебері болға шақырды.
«Пандемия ғылымның қаншалықты қажет екенін көрсетті. Бұрын-соңды болмаған вакциналар жедел жылдамдықпен әзірленді. Жастарымыз ғылымға ұмтылуы керек. Мемлекет ғылым мен жас ғалымдарға қолдау көрсетіп келеді. Ғылым жолы-болашақтың жолы. Жетістікке жетудің кілті білімде жатыр. Ешқашан білдім, толдым деп тоқмейілсуге болмайды. Әрқашан білім мен ғылымға ұмтылып отыру керек», - деді спикер.