Мұрат Әуезовті ақтық сапарына шығарып салды
Рәсім М. Әуезов атындағы драма театрда өтті
Алматыда жұртшылық мәдениеттанушы-ғалым, дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Әуезовті ақтық сапарына шығарып салды, деп хабарлайды Malim.kz.
Марқұмды шығарып салу рәсімі Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында өтті. Онда Мұрат Әуезовтің жақын туыстары, қоғам қайраткерлері, депутаттар, журналистер мен қарапайым жұртшылық көп жиналды.
Мұрат Мұхтарұлы Әуезов 1943 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысы Мерке кентінде дүниеге келді.
М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Шығыс тілдері институтын «Қытай филологиясы» мамандығы бойынша бітірген. 1970-1976 жылдары «Эстетика кочевья» ұжымдық монографиясын әзірлеген (1975 жыл) М.М.Әуезов философия және құқық институтындағы эстетика тобына жетекшілік етті.
1981-1987 жылдарда «Қазақфильм» киностудиясында бас редактор қызметін атқарды.
1988-1990 жылдарда Қазақстан жазушылар одағының көркем аударма және әдеби өзара байланыстар жөніндегі алқасын басқарды.
1990 жылдардың соңында Қазақстандағы «Мир» телерадиокомпаниясының көркемдік жетекшісі болды.
1990 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Халық депутаты болып сайланып, онда Кеңес Президумының мүшесі, парламентаралық байланыстар жөніндегі комитеттің төрағасы болды.
1992 жылғы желтоқсаннан ҚХР-дағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды.
1995 жылы Алматы облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық келісім департаментін басқарды.
1999 жылғы желтоқсаннан «Сорос-Қазақстан» қорының атқарушы директоры, 2002 жылғы шілдеден қордың президенті.
2003-2006 жылдары Қазақстан Ұлттық кітапханасының бас директоры қызметін атқарды.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. 2004 жылы «Тарлан сыйлығының» лауреаты атанды. 1972 жылы «Времён связущая нить» монографиясы, 1997 жылы «Иппокрена Хождение к колодцам времен» еңбегі жарық көрді.
Фото: Adyrna.kz