«Қартаяйын дедім бе...»: Сәкен Майғазиев көз жасына ерік берді

Сәкен Майғазиев «Құстар қайтып барады» әнін тыңдап көзіне жас алды

Сабина Асқарқызы

  • 13.05.2024

Отандық танымал әнші Сәкен Майғазиев әлеуметтік желідегі парақшасында өзіне ерекше әсер еткен видеоны жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Майғазиев Нұршат Құсайынова есімді жас өнерпаздың «Бес жұлдыз» жобасында айтқан «Құстар қайтып барады» әнін парақшасына салып, көзіне жас үйірілгенін айтты.

Қартаяйын дедім бе, көңілшек болып алыппын. Мына балапаным мені бір жылатты. Кіп-кішкентай болып Тұманбай атасының сөзіне жазылған, Нұрғиса атасының асыл қазынасын жүрекпен орындауын айтсаңшы, – деп жазба қалдырды ол.

Оқырман қауым да жас қыздың дауысына тәнті болып жатыр.

«Денем тітіркеніп кетті. Сөзі де, дауысы да керемет», «Осы әнді тыңдасам марқұм әкешімнің құрдастарымен қонаққа баратын кездері көз алдыма келеді. Ескі әндер есті ғой», «Осы әнді тыңдағанда көзге жас келеді», «Әнді, оның сөзінің құдыретін сезіну үшін үлкен жүрек керек. Жүрегіңнен айналдым, қара қызым!» - деп жазды оқырман.

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Майра Ілиясованы 70 жас мерейтойымен құттықтады

02.05.2025

Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегерлері анықталды

29.04.2025

Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі қабірхана есігі көпшілікке қайта қойылды

24.04.2025

Журналист Серғазы Мұхтарбек өмірден өтті

24.04.2025

Елордада Astana Eurasian Book Fair халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі басталды

23.04.2025

Дархан Мыңбай: Сурет өнерінің де тарихы бар

17.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Майра Ілиясованы 70 жас мерейтойымен құттықтады

Министр Аида Балаева Халық әртісі Майра Ілиясоваға Мемлекет басшысының арнайы құттықтауын жеткізді

Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегерлері анықталды

"Алаш" халықаралық әдеби сыйлығы Қазақстан Жазушылар одағы басқарамасы Секретариатының шешімімен жыл сайын табысталатын марапат

Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі қабірхана есігі көпшілікке қайта қойылды

Журналист Серғазы Мұхтарбек өмірден өтті

Ол республикалық "Қазақстан" газетінің бас редакторы болған

Елордада Astana Eurasian Book Fair халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі басталды

Дархан Мыңбай: Сурет өнерінің де тарихы бар

Еліміздің 100 суретшісінің танымал еңбектерін арнайы шығарып, барлық мектептерге тарату қолға алынса құба құп