Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мемлекет қорғауына алынды

Нысанның қауіпсіздігін ішкі істер органдарының тиісті бөлімшелері қамтамасыз етеді

Malim Админ

  • 25.09.2024

Үкімет басшысы Олжас Бектенов киелі Түркістан шаһарындағы «Әзірет Сұлтан» мұражай-қорығын мемлекет қорғауына алатын құжатқа қол қойды.


Әлемге мәлім тарихи ескерткіш – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілген алғашқы қазақстандық нысан. Мазар ортағасырлық архитектура өнерінің бірегей ескерткіштерінің санатына жатады.

Оның құндылығы мен тарихи-мәдени құндылығын ескере отырып, сондай-ақ оның сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Үкімет «Әзірет Сұлтан» мұражай-қорығын мемлекеттік қорғауға жататын объектілер тізбесіне енгізу туралы шешім қабылдады.

Кесененің барлық қауіпсіздігін құқық қорғау органдары  қамтамасыз етеді.

Кесене Түркістан қаласында түркі ақыны және сопылық ілімнің іргетасын қалаушы Қожа Ахмет Ясауи жерленген жерде орын тепкен.  

Кесене 8 бөлмеден құралған. Олар Тайқазан тұрған ортадағы ең үлкен залды қоршай орналасқан. 1385-1405 жылдар аралығында кесененің төңірегіне қосалқы ғимараттар бой көтерген болатын. Бүгінде мұражай-қорық аумағында мешіт, Үлкен және Кіші Ақсарай залдары, кітапхана және шаруашылық кешені: құдық, асхана, тұрғынжайлар (хұжралар) және басқа да орындар бар.

Фото: Үкімет 

Байланысты жаналықтар

Елімізде енді қала арасында жүретін аэротакси пайда болады

04.02.2025

Елге қайтарылған ақша есебінен Ақтауда медициналық орталық салынады

01.02.2025

Қазақстан-Ресей форумы биыл Орал қаласында өтеді

30.01.2025

«Көпке созбайық». Бектенов үкіметі президент тапсырмасын орындауға белсене кірісті

29.01.2025

«Бюджет тапшылығы бар»: Тоқаев инвестиция тартуды тапсырды

28.01.2025

Үкімет пен әкімдердің жұмысын бағалаймыз - Тоқаев

28.01.2025
MalimBlocks
Елімізде енді қала арасында жүретін аэротакси пайда болады

Әуежайдан Алатау қаласына дейін жолаушыларды тасымалдауға аэромобильдер пайдалану көзделіп отыр

Елге қайтарылған ақша есебінен Ақтауда медициналық орталық салынады

Қазақстан-Ресей форумы биыл Орал қаласында өтеді

«Көпке созбайық». Бектенов үкіметі президент тапсырмасын орындауға белсене кірісті

Үкіметте президенттің кеңейтілген отырыстағы тапсырмаларына байланысты кеңес өтті

«Бюджет тапшылығы бар»: Тоқаев инвестиция тартуды тапсырды

Бірнеше облыста тікелей шетел инвестициясын тарту қарқыны төмендеген

Үкімет пен әкімдердің жұмысын бағалаймыз - Тоқаев

Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды