Сағынтаев, Тұрғымбаев, Біртановтар бөлінген ақшаны игере алмаған

Malim Админ

  • 09.06.2020

Бүгін Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бюджеттен бөлінген ақшаны игере алмай отырған әкімдіктер мен министрліктерді атады.

Министрдің сөзінше, биыл аймақтарға қарастырылған трансферттің құны 2,317 трлн теңге. 1 маусымға дейін  671 млрд теңге бөлінген. Бұл сомманың 96 пайызы, яғни 643 млрд теңгесі игерілген. Игерілмеген сомма – 28 млрд теңге. Оның 8 млрд теңгесі үнемдеуден қалған.

«Ең көп қаржыны Алматы қаласы игере алмады. Игерілмеген ақша – 3,4 млрд теңге. Батыс Қазақстан облысы 2,7 млрд теңге, Павлодар облысы 2,6 млрд теңге, Қызылорда облысы 2,4 млрд теңге, Қарағанды облысы 2 млрд теңге, Маңғыстау облысы 1,6 млрд теңге, Ақмола, Түркістан облыстары 0,9 млрд теңге, Нұр-Сұлтан қаласы мен Алматы облысы 0,8 млрд теңге игерген жоқ», – деді министр.

Бүгінге дейін республикалық бюждеттің шығыны – 5,62 трлн теңге. Оның 61 млрд теңгесі игерілмеген. Ең көп ақша иегермен мекеме Ұлттық экономика министрлігі. Бұл министрлік 7,3 млрд теңгені игере алмаған. Ішкі істер министрлігі 6,4 млрд теңге, Денсаулық сақтау министрлігі 4,8 млрд теңге игере алмаған.

Министр Жамаубаевтың сөзінше, осынша ақшаны игермеуге конкурстық шаралардың өз мерзімінде өтпеуі, келісім шарт уақыты мен ақша аудару жұмыстарының созылуы әсер еткен.

Байланысты жаналықтар

Сағынтаевтың күйеубаласының сағаты 197 млн теңге сатылды

19.07.2023

«Ұлттық қор – балаларға»: Қаражатты қалай алуға болады? 

14.02.2023

1 млрд теңгені бір көзден бермек болған.  Шенеунік жұмыстан қуылды 

25.01.2023

Жамаубаев жемқорлық туралы: «Біз бірінші орында тұрамыз!»

21.09.2022

Вице-премьердің жалақысы - 1 жарым миллион теңге

28.06.2022

42  млрд теңге. Бюджет қаржысын игере алмаған министрліктер

12.05.2022
MalimBlocks
Сағынтаевтың күйеубаласының сағаты 197 млн теңге сатылды

Бақытжан Сағынтаевтың бұрынғы күйеу баласының тәркіленген сағаты аукционда 197 миллион теңгеге сатылды.

«Ұлттық қор – балаларға»: Қаражатты қалай алуға болады? 

Жыл сайын жеткіншектердің шотына қаражат аударылады

1 млрд теңгені бір көзден бермек болған.  Шенеунік жұмыстан қуылды 

Конкурс талаптарын бұзған

Жамаубаев жемқорлық туралы: «Біз бірінші орында тұрамыз!»

Вице-премьердің жалақысы - 1 жарым миллион теңге

Премьер-министрдің орынбасары әрі Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев өзінің екі лауазымында 1,5 миллион теңге жалақы алады. Бұл туралы ол Үкімет отырысынан кейін журналистер сұрағына жауап берген кезде айтты.

42  млрд теңге. Бюджет қаржысын игере алмаған министрліктер

Олардың қатарында Қаржы, Мәдениет және спорт, Қорғаныс министрліктері бар.