Шымкенттің бес мектебі Қазақстанның 100 үздік мектептебіне енді

Айбек Ережеп

  • 19.05.2021

Республикалық олимпиаданың нәтижелері бойынша Шымкенттің бес мектебі Қазақстанның 100 үздік мектептебіне енді

Шымкентте «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың төртінші (қорытынды) кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті. 

Ел аумағында бір мезетте ұйымдастырылған марапаттау рәсіміне zoom бағдарламасы арқылы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов арнайы қатысып, дарынды оқушыларды құттықтады.

Олимпиада жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша өткізілді. Онда үшінші мегаполистің намысын қорғап, қала атынан 100 оқушы сайыста бақ сынады. Нәтижесінде қатысушылардың 31-і жүлделі орындарға ие болды. Оның ішінде, 2 алтын, 11 күміс, 18 қола медаль бар.

Сондай-ақ, аталған республикалық олимпиаданың нәтижелері бойынша үшінші мегаполистің бес мектебі Қазақстанның 100 үздік мектептебіне енді. Атап айтсақ,  Шымкент “Білім-Инновация” ер балалар лицей-интернаты,

химия-биология және физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектептері, Абай атындағы №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған  мектеп гимназиясы , М.Х. ДУЛАТИ атындағы №8 мектеп гимназиясы топ жарып, үздік атанды.

Білім додасы пандемия жағдайын ескере отырып, "бір оқушы - бір компьютер - бір камера" қағидасы бойынша ұйымдастырылды.

Фото: Серік Қосаев

Байланысты жаналықтар

Абайдың атын айтып малданамыз, ауылын көрсек қорланамыз  

07.06.2023

Әлемдік деңгейдегі қойылым Түркістан театрының қоймасында жатыр

05.06.2023

ZhuldyzArt: Малайзиядан алған білім танымалдылығымды арттырды

02.06.2023

Шәкәрім шаңырағын не күтіп тұр?!

29.05.2023

Жидебайға жемқорлық емес, қамқорлық керек     

26.05.2023

Астана туралы үздік әндерге байқау жарияланады

23.05.2023
MalimBlocks
Абайдың атын айтып малданамыз, ауылын көрсек қорланамыз  

Абайдың қолжазбалары, домбырасы, тоғызқұмалағы, Құнанбай қажының кісе белбеуіне қауіп төніп тұр

Әлемдік деңгейдегі қойылым Түркістан театрының қоймасында жатыр

Әлде, жақсылығын асырып, жамандығын жасырып қалудың әрекеті ме?

ZhuldyzArt: Малайзиядан алған білім танымалдылығымды арттырды

Өзіміздің төл туындылар экспонат деңгейінде қабылданатыны қынжылтады

Шәкәрім шаңырағын не күтіп тұр?!

Абай арманын ақиқатқа айналдырам дегеніне «Батыраштар» мұрша бермеді

Жидебайға жемқорлық емес, қамқорлық керек     

Бұл жөнсіздікке қатысты адам деп Абай музейінің директоры Тұрдықұл Шаңбайдың аты аталды

Астана туралы үздік әндерге байқау жарияланады

Елорданың 25 жылдығына орай өтетін бұл байқаудағы ең үздік жұмыстар Астананың 25 жылдығына арналған ән жинағына енетін болады