Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Дабыл! Ресми зерттеу! TikTok-ты айналдырып қарай беру миды зақымдауы мүмкін

Денсаулық
Дабыл! Ресми зерттеу! TikTok-ты айналдырып қарай беру миды зақымдауы мүмкін
© smartbusinessdaily.com

Америка психологтар қауымдастығы TikTok-ты скролдай беру (айналдырып қарай беру) “мидың шіруіне” әкеп соғуы мүмкін екенін паш етіп отыр. Бұл туралы malim.kz тілшісі Euronews басылымына сүйеніп хабарлайды.

Қауымдастық мұны біржола диагноз ретінде жариялап отыр. Яғни, қысқа видеоларды ұзақ қарау - психикалық саулыққа айтарлықтай кері әсер етеді.

2024 жылы “мидың ішруі” (brain rot) Оксфорд сөздігінің нұсқасы бойынша жыл сөзі атанып еді. Бұл терминге “әсіресе, әлеуметтік желідегі сапасы төмен контентті шамадан тыс тұтынудың салдары” деген анықтама берілді.

Қазір Америка психологтар қауымдастығы дабыл қағарлық жағдайды мәлімдеп отыр. Зерттеу - мидың шіруі - шындыққа айналған қауіп екенін және нағыз нейрокогнитив синдром екенін көрсетіп отыр.

 "Feeds, Feelings, and Focus: A Systematic Review and Meta-Analysis Examining the Cognitive and Mental Health Correlates of Short-Form Video Use" (“Ағындар, сезімдер мен фокус: қысқа видеоларды тұтынудың когнитив және психикалық корреляцияларын жүйелі шолу және метасараптау”) атты еңбек қысқа формадағы видеоконтентті (SFV) “мидың шіруімен” тікелей байланыстырыпты. Оның үстіне, ондай контенттердің қайнар көзі ретінде YouTube Shorts, Instagram Reels, TikTok сияқты алгоритмделген платформалар аталыпты.

Зерттеушілер 98 299 адамға 71 зерттеу жүргізген. Нәтижесінде, қысқа видеоларды көп қарайтын адамдардың назары мен өзін бақылауда ұстауы нашарлайтынын тіркеген. Ал жастар видеоны көп қарайды: соңғы статистика бойынша, жастар күніне орташа есеппен 6.5 сағаттай уақытын интернетте өткізеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу