freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Дәрігерлер тұзды шамадан тыс қолданатындардың қандай ауруға шалдығатынын айтты

Денсаулық
Дәрігерлер тұзды шамадан тыс қолданатындардың қандай ауруға шалдығатынын айтты
Pixabay

Қазақстандық дәрігерлер адамдардың тұзды шамадан тыс тұтынатынына алаңдаулы. Айтуларынша салдарынан гипертония, жүрек-қантамыр аурулары мен инсульт кең таралуда.

Қазақстанда тұз тұтыну деңгейі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған қауіпсіз мөлшерден төрт есе жоғары.

Тұз немесе натрий хлориді адам ағзасына қажет маңызды өнім саналады. Ол ағзадағы сұйықтық тепе-теңдігін сақтауға, бұлшықет пен жүйке жүйесінің дұрыс жұмыс істеуіне көмектеседі. Бірақ Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, тұзды шамадан тыс пайдалану түрлі ауруларға әкелуі мүмкін. 

"Мақсат – тұздың денсаулыққа әсері туралы ақпараттандыру және оны тұтынуды азайтуға шақыру. Тұздың көп бөлігі ағзаға өңделген және қапталған өнімдер арқылы түседі. Сондықтан халық денсаулығын жақсарту үшін тек жеке әдеттерді өзгерту жеткіліксіз, мемлекет пен азық-түлік өндірісі тарапынан да жүйелі шаралар қажет", – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Артық тұздың салдары:

Ағзада су жиналып, қан қысымы көтеріледі;

Жүрек-қантамыр аурулары, инфаркт пен инсульт қаупі артады;

Бүйрек жұмысы бұзылып, тас пен созылмалы аурулар пайда болуы мүмкін;

Артық салмақ қосуға әсер етеді;

Кальцийдің азаюына байланысты остеопороз қаупін күшейтеді;

Ішек микрофлорасына әсер етіп, қабыну ауруларын туындатуы мүмкін.

Тұзды көп тұтынуға әсер ететін факторлар:

Тамақтану рационы – фастфуд, консерві, жартылай дайын өнімдерде тұз өте көп болады. Мысалы, нан, шұжық өнімдері мен ірімшіктер натрийдің негізгі көзі саналады.

Аспаздық әдеттер – тамақ әзірлеу кезінде немесе дайын асқа қосымша тұз себу тұтыну мөлшерін арттырады.

Тамақтану мәдениеті – тұзды балық, ірімшік, ет өнімдері жиі қолданылатын елдерде тұз тұтыну деңгейі жоғары болады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу