Польшада жүктіліктің соңғы кезеңінде мас күйде болған әйелден алкоголь әсеріндегі нәресте дүниеге келді, деп хабарлайды Malim.kz.
TVP World жазуынша, жүктіліктің 38-аптасында ішімдік ішкен әйел ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның қанынан шамамен 3 промиллеге жуық алкоголь анықтаған. Бұл деңгей ана мен құрсақтағы бала үшін аса қауіпті болғандықтан, медицина қызметкерлері шұғыл түрде кесарь тілігін жасауға шешім қабылдаған.
Сәби дүниеге келгеннен кейін жүргізілген тексеру барысында оның қанында 1,5 промилледен астам алкоголь бары белгілі болды. Мамандардың айтуынша, мұндай көрсеткіш жаңа туған нәрестенің өміріне тікелей қауіп төндіреді.
Қазіргі таңда баланың жағдайы дәрігерлердің бақылауында, өміріне қауіп жоқ деп бағалануда. Ал анасына қатысты қылмыстық іс қозғалып, заң бойынша оған бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.