Әлеуметтік әмиянға қандай қызмет түрлері кіреді

Мемлекет тарапынан берілетін көмек сомасы да көрсетіледі

Malim Админ

  • 03.09.2024

Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Президенттің жаңа Жолдауы аясында халыққа көрсетілетін әлеуметтік қолдаулар туралы айтты. 


«Мемлекет басшысы әлеуметтік қолдау жүйесінің тиімділігін арттыруды тапсырды. Бұл мақсатта отбасының цифрлық картасындағы мәліметке сай шұғыл және дағдарыс санаттарына жатқызылған отбасылар санын азайту жөніндегі жұмыстар жалғасады. Өздеріңіз білетіндей, бұл шара әр отбасымен жекелей жұмыс істеп, олардың мүмкіндігіне қарай мейілінше оңтайлы мемлекеттік қолдау түрлерін ұсынуға бағытталған», - деді Тамара Дүйсенова Үкімет отырысында.

Одан әрі вице-премьер әлеуметтік әмиян жобасына тоқталды.

«Онда әр отбасыға әлеуметтік мәртебесіне қарай ұсынылатын барлық мемлекеттік қолдау түрлері болады. Сондай-ақ, қолдаудың нақты берілу фактісі негізінде мемлекет тарапынан көрсетілген көмек сомасы да көрсетіледі. Бұл шараларды жүзеге асыру тиісті заңнамаларға өзгерістер енгізуді талап етеді. Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып жыл соңына дейін нормативтік-құқықтық актілерді қабылдайды», - дейді Т. Дүйсенова.

Айта кетсек, кеше Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында Үкіметке алдағы жылдың басынан бастап «Әлеуметтік әмиян» жобасын жүзеге асыруды тапсырды.

Фото: baq.kz    

Байланысты жаналықтар

Шымкентте нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды

18.05.2025

Медициналық орталық Сара Назарбаеваға қатысты сұраққа жауап берді

15.05.2025

Айдос Үкібай Сара Назарбаеваға қатысты ақпаратқа пікір білдірді

14.05.2025

Науқасты мүгедек немесе мерт қылған дәрігерді жазалана ма? - ДСМ

13.05.2025

Сара Назарбаеваның қайда емделіп жатқаны белгілі болды

10.05.2025

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

06.05.2025
MalimBlocks
Шымкентте нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды

Медициналық орталық Сара Назарбаеваға қатысты сұраққа жауап берді

Айдос Үкібай Сара Назарбаеваға қатысты ақпаратқа пікір білдірді

Науқасты мүгедек немесе мерт қылған дәрігерді жазалана ма? - ДСМ

Сара Назарбаеваның қайда емделіп жатқаны белгілі болды

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

Өнер иесі соңғы екі айда тынымсыз гастрольде жүрген