Биыл 556 медициналық, фельдшерлік пункт пен амбулатория салынады

Ұлттық жобада 655 алғашқы көмек нысанын салу жоспарланған

Malim Админ

  • 23.07.2024

Биылға 556 медициналық және фельдшерлік пункт пен дәрігерлік амбулатория салу көзделген. Қазір 322 нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары басталып, 3 нысанда аяқталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова  премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен отырыста мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Үкімет отырысында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру мәселесі сөз болып, онда президенттің ауылдағы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру және сапасын жақсарту бойынша қойған міндеттерінің орындалу барысы айтылды. 

Министрлік мәліметінше, былтыр Қазақстанда 99 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысаны салынған.

Ал 556 нысанға қатысты Денсаулық сақтау министрлігі Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен бірлесіп, мемлекеттік сараптама қорытындысының негізінде жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеп, үйлестіруді толық аяқтады.

Жалпы, Ұлттық жобада іске асырудың барлық кезеңінде 655 алғашқы МСАК нысанының құрылысы қарастырылған. Сондай-ақ, 32 орталық аудандық аурухананы жаңғырту көзделіп отыр. Әзірге 10 нысанда тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр, 2 медициналық мекемеде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталған.

2023-2024 жылдар кезеңінде 152 денсаулық сақтау нысанында 656 медицина қызметкері жұмысқа орналастырылған. Ұлттық жоба аясында кадрларға жалпы қажеттілік 1 100 медицина қызметкерін құрады.

Жыл соңына дейін денсаулық сақтау ұйымдарының ең көбі Қарағанды облысында салынуы керек. Ондағы іске асыруға жоспарланған 78 нысанның тек үштен бірінде ғана жұмыс басталған. Жетісу облысында нысандардың тек 75%-ы бойынша құрылыс-монтаждау жұмысына шарт жасалған.

Әкімдіктер барлық нысанның құрылыс жұмыстарын уақтылы әрі сапалы жүргізу үшін күнделікті бақылауды күшейтуі керек. Қарағанды, Ақтөбе, Павлодар, Батыс Қазақстан, Жетісу және Алматы облыстары әкімдерінің назарын осыған аударғым келеді. Құрылыс маусымы, әсіресе солтүстік өңірлер үшін тез аяқталатынын ескеру қажет. Барлық нысан белгіленген мерзімде пайдалануға берілуге тиіс. Құрылыс жұмыстарының нормативтік талаптарының сақталуын да қамтамасыз ету керек, деді Олжас Бектенов.

Премьер-министр сондай-ақ, көпсалалы аудандық ауруханаларды жөндеу жұмыстарын жалғастыру және денсаулық сақтау ұйымдарын сапалы жарақтандыру үшін қажетті медициналық жабдықтардың тізбесін қалыптастыру қажеттігін атап өтті.

Үкімет басшысы Ұлттық жобаны іске асыруға 60,3 млрд теңге бөлінгенін, оның 21 млрд теңгеден астамы өңірлерге берілгенін атап өтті. Қалған нысандарды қаржыландыру қосымша пысықталып жатыр. Бұл мәселені шешуді жеделдету үшін бейінді мекемелерге тиісті тапсырма берілді. Денсаулық сақтау министрлігіне нысандарға құрылыс аяқталғанға дейін тұрақты барып, құрылыс барысына мониторинг жүргізу міндеті қойылды. 

Фото: 

Байланысты жаналықтар

Кәсіпкерлер "Ulttyq ónim" көрмесінде өз жетістігін паш етті

17.05.2025

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

17.05.2025

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

15.05.2025

Қарағандыда даулы тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтатылды

30.04.2025

Министр әскерде соққы алған Ербаян Мұхтардың жағдайын айтты

29.04.2025

Қазақстанның жері Қытайға сатылғаны рас па? Үкімет жауабы

28.04.2025
MalimBlocks
Кәсіпкерлер "Ulttyq ónim" көрмесінде өз жетістігін паш етті

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

Қарағандыда даулы тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтатылды

Министр әскерде соққы алған Ербаян Мұхтардың жағдайын айтты

Қазақстанның жері Қытайға сатылғаны рас па? Үкімет жауабы

бұл - жалған ақпарат