Елімізде адамдар орташа 75 жыл өмір сүреді - министр

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі мәлім етті

Арман Қайыпхан

  • 09.07.2024

Мемлекет басшысы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованы қабылдады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ақмарал Әлназарова ведомствоның жұмысы және денсаулық сақтау жүйесін дамыту жоспарлары туралы баяндады.

Ол қазіргі уақытта болжамды өмір сүру ұзақтығының көрсеткіші 75 жастан асатыны жөнінде айтты. Жыл басынан бері инфекциялық аурулардың 21 түрі бойынша, соның ішінде коронавируспен сырқаттану көрсеткіштері төмендеген. Вакцинациялау және профилактикалық іс-шараларды жүргізу жұмыстары жалғасып жатыр.

Сондай-ақ министр медициналық қызметтің сапасын және қолжетімділігін арттыруға баса назар аударылғаны туралы есеп берді.

Алғашқы және стационарлық медициналық көмекті ұйымдастырудың тәсілдері қайта қаралуда. Оның айтуынша, диагностикалық және емдеу стандарттары жаңартылып, саланың кадрлық әлеуеті нығайып келеді.

Дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды сатып алу жүйесінің тиімділігі мен ашықтығы қамтамасыз етіліп жатыр.

Бұдан бөлек,  медициналық мекемелер жұмысының тиімділігін арттырып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға бақылауды жақсарту үшін заманауи цифрлық технологиялар әзірленген. Олар қолданысқа енгізіліп жатыр.

Жаңа медициналық нысандар салу және сала қызметтерінің сапасын одан әрі арттыру мәселелері қамтылған Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың 2025-2030 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы ақпарат берді.

Қабылданған осы тұжырымдама аясында денсаулық сақтау ұйымдарының оңтайлы және тиімді желісін құруға бағытталған 34 негізгі жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы ана мен бала өлімінің көрсеткіштерін төмендету бойынша жұмысты жалғастыру қажет екенін атап өтті.

Сонымен қатар медициналық көмек көрсетудің мейлінше нәтижелі болуына назар аудара отырып, денсаулық сақтау жүйесін сапалы түрде қайта құру керектігіне тоқталды.

Сондай-ақ салаға, оның ішінде дәрі-дәрмекке бөлінетін қаражаттың ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ету жөнінде міндеттер жүктеді.

Фото: Ақорда

Байланысты жаналықтар

Тоқаев өнеркәсіп және құрылыс министрін қабылдады

02.04.2025

«Қоштасып келіп едім»: Жұлдызай Дүйсенбиева денсаулығы сыр бергенін айтты

01.04.2025

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 10-шы хат

30.03.2025

Онкологиялық тексерістен кімдердің тегін өтетіні белгілі болды

30.03.2025

Қасым-Жомарт Тоқаев халықты Ораза айт мерекесімен құттықтады

30.03.2025

Тоқаев Корея халқына көңіл айтты

28.03.2025
MalimBlocks
Тоқаев өнеркәсіп және құрылыс министрін қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевты қабылдады

«Қоштасып келіп едім»: Жұлдызай Дүйсенбиева денсаулығы сыр бергенін айтты

Ол тұра алмай қаламын деп қорыққан.

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 10-шы хат

Қызық жағдай кинoда бoлып жатыр. Бұрын «талантты, маман кинo рeжиссeрлeрi жeтпeйдi» дeп қиналатынбыз. Eндi eлугe жуық рeжиссeр бар, ал қoятынымыз – жылына бiр фильм. Бiр кeздeгi eң таңдаулы кинo қалашығы қаңырап тұр. Oл да шeтeлдiктeргe жалға iстeп жатыр.

Онкологиялық тексерістен кімдердің тегін өтетіні белгілі болды

Скринингтен өту керектігі жайлы медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдары пациентке қоңырау салу, SMS жолдау арқылы хабарлайды

Қасым-Жомарт Тоқаев халықты Ораза айт мерекесімен құттықтады

Рамазан айында имандылыққа, рухани тазаруға ұмтылған жұртымыз Айт күні ақ дастархан жайып, қонақжайлық көрсетеді

Тоқаев Корея халқына көңіл айтты