Маңғыстауда астан уланған оқушылардың екеуі жансақтау бөлімінде

Облыс әкімі оқушылардың жағдайымен танысты

Мәди Саматұлы

  • 08.09.2024

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай облыстық ауруханада жатқан оқушылардың жағдайымен танысты, деп хабарлайды Malim.kz.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, ауруханада қазір 67 бала ем қабылдап жатыр. Олар күні кеше Мұнайлы ауданындағы 8-мектепте жаппай астан уланып, ауруханаға түскен. Екі бала жансақтау бөлімінде дәрігерлердің жіті бақылауында.

Облыстық әкімдік жанындағы жедел штаб қарқынды жұмысқа кіріскен. Шақыртуларға дереу қызмет көрсету үшін облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек станциясының 12 негізгі және 4 қосымша бригадасы жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, Мұнайлы орталық аудандық ауруханасының шақыруларға қызмет көрсетудің 4 санатты 4 бригадасы және Ақтау қаласының 4 санатты 7 бригадасы жұмылдырылған. 

Облыстағы емханалардың психологтар тобы ата-аналар мен балаларға қажетті көмек көрсетіп отыр.

Айта кетейік, 6 қыркүйекте Бесшоқы ауылында оқушылар жаппай уланып, 141 балаға медициналық көмек қажет болған. Балалар білім беру мекемесінің асханасында уланған. Бұл дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалған. 

Фото: Instagram/mangystau_oblysynyn_akimdigi

Байланысты жаналықтар

Түркістан облысында балабақшада 24 бала тамақтан уланды

27.05.2025

Атырау облысында оқушылар екі жасөспірімді қатыгездікпен ұрып-соққан

12.05.2025

Жеңіс саябағында билеген оқушы қыздар жазаланды

08.05.2025

Кептірілген балық жеп, аяқ-қолымнан айырылдым - Бота Бурханова

07.05.2025

Маңғыстауда даладан жаңа туған сәби табылды

06.05.2025

Шабуыл жасалған Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы белгілі болды

04.05.2025
MalimBlocks