Шымкенттік әйел күйеуіне бүйрегін берді

Ота сәтті өтті

Арман Қайыпхан

  • 16.07.2024

Шымкентте №1 қалалық клиникалық аурухана базасында 221-ші бүйрек трансплантациясы өтті. Науқастар ерлі-зайыпты. Донор – әйелі, ал күйеуі – реципиент, деп хабарлайды Malim.kz Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Ер кісі 1 жылдан бері созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен кезекте тұрған. Гемодиализ аппаратына тәуелді болған.

Дәрігерлер ағза алмастыру отасы кезінде 1975 жылғы ер азаматқа әйелінің бүйрегін хирургиялық жолмен салып берді. Ота сәтті өтті. Науқастар үйіне шығарылды.

«№1 қалалық клиникалық ауруханада кезекті бүйрек трансплантациясы отасы өтті. Операция тірі донорда жасалды. Ол рецепиенттің әйелі. Науқас 1 жылдан бері гемодиализ аппаратына тәуелді болған. Отадан кейін «жасанды бүйрек» қызметі қажет болмайды. Науқастың өмір сүру сапасы жақсарады деп күтілуде», — деді хирургия бөлімінің меңгерушісі Сәбит Байтеміров.

Күрделі отаны бастан өткерген науқас дер кезінде әрекет етіп, өзін ажалдан арашалап қалған ақ халаттыларға алғысын білдірді.

«Бір жыл бойы гемодиализде жүрдім. Осы №1 қалалық клиникалық ауруханада бүйрек ауыстыру отасын жасады. Жұбайым донор болды. Құдайға шүкір, қазір жағдайым жақсы. Бірер күнде үйге шығамын. Дәрігерлерге көп рақмет», — деді реципиент Ерлан Асқаров.
Фото: pixibay.com

Байланысты жаналықтар

Смартфонға тәуелді жігіттің басы "салбырап" қалған

18.05.2025

Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

16.05.2025

Медициналық орталық Сара Назарбаеваға қатысты сұраққа жауап берді

15.05.2025

Айдос Үкібай Сара Назарбаеваға қатысты ақпаратқа пікір білдірді

14.05.2025

Науқасты мүгедек немесе мерт қылған дәрігерді жазалана ма? - ДСМ

13.05.2025

Руслан Берденов отадан кейін алғаш рет ел алдына шықты

12.05.2025
MalimBlocks