Алматыда апелляциялық алқа "Дикий Арман" деген лақаппен әйгілі Арман Жұмагелдиевке қатысты істі қарап, бірінші инстанция үкімін өзгеріссіз қалдырды. Бұл туралы Informburo басылымы жазыпты.
Соттың 26 қарашадағы шешімге сәйкес, төмендегі сотталғандардың жазасы өзгеріссіз қалдырылған:
- Арман Жұмагелдиев — 20 жыл бас бостандығынан айыру
- Руслан Искаков — 15 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру
- Қайрат Құдайберген — 8 жыл бас бостандығынан айыру
Арман Жұмагелдиев 2025 жылдың қаңтарында айыпты деп танылды. Сот оны келесідей ауыр баптар бойынша :
- Ұйымдасқан топ немесе қылмыстық ұйым құру,
- Бандитизм,
- Зорлық-зомбылық, тонау, өрт қою және қиратумен бірге өткен жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру,
- Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу,
- Адам ұрлау және күш қолдану,
- Кісіге күш қолданып бостандығынан айыру -
кінәлі деп тапқан болатын.