457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

9 тамызда еліміздің басым бөлігінде күн райы бұзылады

Қазгидромет синоптиктері Қазақстанда 2025 жылғы 9 тамызда, сенбіде ауа райы қандай болатынын айтты. Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауатыны, қатты жел тұратыны болжанады, деп хабарлайды Malim.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, республикамыз бойынша жел екпін алып, түнде және таңертең еліміздің солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман болады.

"Күндіз Қызылорда облысында 40-42 градус, Түркістан облысында 40 градус, Маңғыстау облысында 38-40 градус, Атырау облысында 35-36 градус, Алматы облысында, Жетісу облысында 35-37 градус, Жамбыл облысында 39 градус, Ақтөбе облысында 35 градус қатты ыстық болады деп күтіледі", делінген ауа райы болжамында.

Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында, Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, Ақтөбе облысының шығысында, Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Жамбыл облысының орталығында, Ұлытау облысының орталығында, Жетісу облысының батысында, солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысында оңтүстік-батысында өрт қаупі жоғары болады деп күтіледі.

Сонымен қатар Түркістан, Маңғыстау облыстарында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, Қызылорда өңірінің оңтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстігінде, батысында, шығысында, Атырау өңірінің шығысында, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, Ұлытау облысында, Абай облысының оңтүстігінде, облыстың орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі. 

Фото: pixabay