Алматы облысында қар көшкіні жүріп, жолды жауып қалған

Malim Админ

  • 23.03.2025

Еңбекшіқазақ ауданы аумағындағы облыстық маңыздағы «Түрген ауылы – Батан шатқалы» автожолында қар көшкіні болды. Бұл туралы Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

23 наурызда сағат 08:28–де Еңбекшіқазақ ауданы аумағындағы облыстық маңыздағы «Түрген ауылы — Батан шатқалы» автожолының 23-24 шақырымында қар жамылғысының тұрақсыздығы және таулы беткейлерде қардың көп жиналуына байланысты өздігінен қар көшкіні жүрді, — делінген облыстық ТЖД хабарламасында.

Қазіргі уақытта қар көшкінің параметрлері нақтыланып жатыр.

Оқиға салдарын жою және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында оқиға орнына «Қазселқорғау» ММ-нен 1 қызметкер мен 1 техника, сондай-ақ Алматы облысы ТЖД-нен 1 қызметкер мен 1 техника жіберілді.

— Азаматтардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Алматы облысының «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» шешіміне сәйкес, 2024 жылғы 15 қарашадан 2025 жылғы 31 наурызға дейін «Түрген — Батан — Асы обсерваториясы» облыстық маңыздағы автожолының 15-41 шақырым аралығы көлік қозғалысы үшін жабық. Азаматтарды қауіпсіздік шараларын сақтауға және маршруттарды жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруге шақырамыз, — делінген хабарламада.

Фото:    

Байланысты жаналықтар

Шымбұлақта қар көшкініне себеп болған шаңғышылар кімдер?

11.03.2025

Шымбұлақта 3 туристің кесірінен қар көшкіні жүрді

10.03.2025

Алматы облысында жақын күндері қар көшкіні болуы мүмкін

06.12.2024

Алматы тауларында бірнеше қар көшкіні болды

18.04.2024

ТЖМ: Кіші Алматы және Үлкен Алматы өзенінде шағын қар көшкіні болды

05.03.2024

Алматы тауларында құтқарушылар екі адамды қар астынан алып шықты

13.04.2022
MalimBlocks
Шымбұлақта қар көшкініне себеп болған шаңғышылар кімдер?

Шаңғы курортының әкімшілігі оқиғаның хронологиясын жасады

Шымбұлақта 3 туристің кесірінен қар көшкіні жүрді

Алматы облысында жақын күндері қар көшкіні болуы мүмкін

Осыған байланысты құтқарушылар облыс тұрғындары мен туристерге ескерту жаряилады

Алматы тауларында бірнеше қар көшкіні болды

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ: Кіші Алматы және Үлкен Алматы өзенінде шағын қар көшкіні болды

Ал Талғар өзені алабында қар көшкіні көлемі 300 текше метрге дейін жетті.

Алматы тауларында құтқарушылар екі адамды қар астынан алып шықты

Бүгін Алматы тауларындағы «Молодежный» шыңында қар көшкіні астында екі адам қалып қойды. Құтқарушылар қар астынан олардың біреуін тірідей, екіншісінің мәйітін алып шықты.