Сәтбаев қаласын қара қар басты

Арман Қайыпхан

  • 10.01.2025

Желіде Ұлытау облысындағы Сәтбаев қаласында көшелерді қара күйе басып қалғаны көрінетін видео тарады. Қала әкімдігі оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Видео Сәтбаев қаласындағы мұзайдынның бірінің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды. Кадрлардан мұзайдынның бетін күйе басқаны көрінеді, яғни жылу қазандығынан шыққан түтіннен қар қараға боялған. Ер адам мұздың бетін қолымен сипап, қап-қара алақанын көрсетеді.

Мынаны қараңыздар. Мынау енді болмайды. Күйе шектен тыс түсіп жатыр. Аспандағы қара түнекті қараңыздар, мынау деген масқара ғой. Мыналар шектен шығып кетті, дейді ер адам видеода.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, бұл жылу тарифін төмен бағада ұстап тұру үшін арзан көмір жаққаннан болып отыр.

Сәтбаев қаласының қазандығында жылу энергиясын өндіру үшін төмен бағада сатып алынған "Молодежный" кенішінің көмірі пайдаланылады, бұл жылу тарифін төмен бағада ұстап тұруға көмектеседі, бірақ экологиялық жағдайға және жабдықтың тиімділігіне теріс әсер етеді, делінген хабарламада.

Қаланы жылумен үздіксіз қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды жөндеу жұмыстары былтыр ғана жүргізілген. Оған жалпы сомасы 1,6 млрд теңге жұмсалған. 

1962 жылы пайдалануға берілген негізгі жабдық жыл сайынғы жөндеу жұмыстарына қарамастан, айтарлықтай тозғанын және газ тазарту жүйелері толығымен ескірген. Қазіргі уақытта кәсіпорын жылу энергиясымен экологиялық көрсеткіштерді жақсартуға және кешенді экологиялық рұқсат алуға бағытталған ең үздік қолжетімді технологияларды енгізу бойынша белсенді жұмыс істеп жатыр. Ең маңызды жоба - газ тазарту жүйесін орнату, делінген жауапта.

Қазір қалада жеке үйлерге газ тарту бойынша жоба әзірленіп жатыр. Жергілікті билік бұл жоба аяқталған соң қазандықтан шығатын күйе мәселесі шешіледі деп сеніп отыр.

Фото instagram.com/p/DEo0VTmswpA

Байланысты жаналықтар

Жаз құрғақ, өрт қаупі жоғары болады - ТЖМ

15.04.2025

Ауа райына байланысты ел бойынша ескерту жасалды

08.04.2025

Бұршақ, жаңбыр, найзағай: синоптиктер ескертеді

06.04.2025

Сәтбаев делегациясы Саран қаласының тәжірибесін зерттеді

04.04.2025

Найзағай, жаңбыр, қар: Аймақтарда ауа райына байланысты ескерту жасалды

03.04.2025

Бүгін қай қалаларда ауа сапасы нашарлайды?

28.03.2025
MalimBlocks
Жаз құрғақ, өрт қаупі жоғары болады - ТЖМ

ТЖМ: жаз құрғақ болады деп күтілуде Төтенше жағдайлар министрлігі биыл жазда құрғақшылық болатынын болжады

Ауа райына байланысты ел бойынша ескерту жасалды

Бұршақ, жаңбыр, найзағай: синоптиктер ескертеді

Сәтбаев делегациясы Саран қаласының тәжірибесін зерттеді

Сәуірдің басында Сәтбаев қаласы әкімдігінің қызметкерлері жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды

Найзағай, жаңбыр, қар: Аймақтарда ауа райына байланысты ескерту жасалды

Бүгін қай қалаларда ауа сапасы нашарлайды?

Қазгидромет Астана және тағы бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады