Активтерді қайтару комиссиясы: Ел қоржынына 525 млрд теңге түсті

Malim Админ

  • 08.11.2024

Қазақстан Республикасының премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Активтерді қайтару мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. 

Комиссия «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң субъектілерінің жалпы сомасы 525 млрд теңгеден астам қаражатты мемлекет пайдасына аудару және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру жөніндегі келісімдерін мақұлдады. 

Қаражатты Арнаулы мемлекеттік қорға аударумен қатар, Заң субъектілері есебінен келесі объектілердің құрылысы мақұлданды: Арқалық қаласында дарынды спортшы балаларға арналған 120 орындық спорт кешені, Астанада тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған оңалту орталығы, Алматыда ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған 400 орындық жаттығу орталығы.

«Мемлекет басшысы атап өткендей, қайтарылған барлық қаражат қазақстандықтардың игілігі үшін жұмыс істеуі тиіс. Биыл жыл басынан бастап Комиссия қайтарылған активтер бойынша жалпы сомасы 900 млрд теңгеден астам келісімдерді мақұлдады. Бұл қаражатқа бірқатар әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің құрылысы басталды», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Бұған дейін, президент тапсырмасы бойынша Арнаулы мемлекеттік қордан Ақмола облысындағы Зеренді ауылында спорттық кешен және Түркістан облысындағы Темірлан ауылында музыка мектебінің құрылысына қаражат бөлінді. 

Фото: Үкімет
 

Байланысты жаналықтар

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

17.05.2025

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

17.05.2025

Олжас Бектенов Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

16.05.2025

Бектенов ұшқыш Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

09.05.2025

Бектенов полипропилен өндірісінің неге тоқтағанын анықтауды тапсырды

05.05.2025

"Проблеманы көбірек айту керек". Бектенов QazaqGaz басшысына ұрысты

23.04.2025
MalimBlocks
Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

Жасанды интеллект пен Big Data-ны пайдалану арқылы егістік алқаптары мен мал шаруашылығын тиімді басқаруға мүмкіндік туды

Олжас Бектенов Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

Бектенов ұшқыш Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Бектенов полипропилен өндірісінің неге тоқтағанын анықтауды тапсырды

Түпкілікті шешім қабылдаңыздар, — деді Үкімет басшысы

"Проблеманы көбірек айту керек". Бектенов QazaqGaz басшысына ұрысты