Бектенов: Қазақстан әлемдік GovTech нарығында сенімді орынға ие

Арман Қайыпхан

  • 03.01.2025

Премьер-министр ЭКСПО аумағындағы павильон-сфераға барып, Мемлекет басшысының іске асырылуы экономика өсуінің жаңа көзі саналатын цифрлы технологияларды дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысымен танысты, деп хабарлайды Malim.kz.

Олжас Бектенов Президент Ana tili газетіне берген бағдарламалық сұхбатында экономиканың өсуін қамтамасыз ету және азаматтардың әл-ауқатын арттыру бойынша нақты міндеттер қойғанын атап өтті.

Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев жасанды интеллект орталығы болатын бірыңғай цифрлық хаб құру жұмыстарының барысына тоқталды. Индустриалды еңбек нарығында сұранысқа ие отандық кадрлар даярлауға, сондай-ақ білім беру мазмұнын әзірлеуге ерекше көңіл бөлінді. 

Премьер-министр ЖИ дамуының практикалық тұрғыдан нақты пайдасын атап өтіп, технологиялық шешімдерді ауқымды енгізу бірінші кезекте қазақстандықтардың өмір сүру сапасына оң әсер етуі тиіс екенін атап өтті. 

Мемлекет басшысы бүгінгі сұхбатында Үкімет алдына экономикалық өсуді қамтамасыз ету және азаматтардың әл-ауқатын арттыру міндетін қойды. Біз өнімді жұмыс орындарын құруға, сол арқылы еліміздің барлық өңірінде отбасыларды тұрақты табыспен қамтуға мүмкіндік беретін шикізаттық емес дамыған салалары бар өзін-өзі қамтамасыз ететін экономикаға ұмтылудамыз. Қазақстан әлемдік GovTech нарығында сенімді орынға ие, ал цифрлы экономика өсудің маңызды әрі серпінді нүктелерінің біріне айналуы тиіс, — деп баса айтты Олжас Бектенов.

Президент сұхбатында атап өтілгендей, Үкіметтің басым міндеттері экономиканың орнықтылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету, нақты секторды серпінді дамыту, еңбек өнімділігінің өсуі, сапалы жұмыс орындарының ұлғаюы болып қала береді.  

Премьер-министр Үкімет Мемлекет басшысының Ana tili газетіне берген сұхбатында айтылған тапсырмаларын орындау бойынша қажетті барлық шаралар қабылдайтынын атап өтті.

Фото: Үкімет

Байланысты жаналықтар

Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

16.04.2025

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

16.04.2025

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

14.04.2025

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

14.04.2025

Үкіметі құрылыс салушылар үшін салық жеңілдіктерін алып тастауды ұсынды

09.04.2025

Жолды жөндеуде цифрлық теңге қолданылатын болады

08.04.2025
MalimBlocks
Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

Қайтыс болған бір адамға 6 шаршы метр жер мемлекеттен тегін беріледі

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

Энергетика министрлігі электр энергиясы үшін шекті тарифтерді қайта қарады

Үкіметі құрылыс салушылар үшін салық жеңілдіктерін алып тастауды ұсынды

Үкімет мәліметінше, олар көбіне салық төлеуден жалтару үшін пайдаланылды

Жолды жөндеуде цифрлық теңге қолданылатын болады