Биыл Саран қаласында 1 млн заманауи көлік дөңгелегі шығарылады

Бұған дейін кәсіпорын Екібастұз қаласында теміржол саласы үшін 6 өнім түрін шығарған.

Берік Дәулетов

  • 04.06.2024

Бірінші вице-премьер Роман Скляр Primeminister.kz сайтына берген сұхбатында Қазақстандағы моноқалалардың өнеркәсіптік даму әлеуеті туралы айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Мәселен, Екібастұз қаласында «Railways Systems KZ» компаниялар тобы теміржол машинасын жасау саласындағы ең заманауи жабдықтарды өндірудің жетінші желісінің құрылысын белсенді жүргізуде. Бұған дейін кәсіпорын Екібастұз қаласында теміржол саласы үшін 6 өнім түрін шығарған.

Саран қаласында бұрынғы резеңке-техникалық бұйымдар (РТБ) зауытының негізінде бірқатар өндірістер құрылды. Олардың арасында сынақ режимінде өнім шығара бастаған шина зауыты да бар. Бұл ретте Қазақстанда бұл өнім 2000 жылдан бері шықпаған. Бірінші вице-премьердің айтуынша, маусым айында алғашқы өндіріс басталады және биыл қалада 1 млн ең заманауи шиналар шығарылады.

Өңдеуші өнеркәсіптің дамуы еліміздің экономикасын өзгертіп қана қоймай, моноқалалардың өміріне де өзгерістер енгізіп жатыр.  Мен Екібастұзды бекерге мысалға келтірген жоқпын. Бүгінде онда ірі машина жасау кластері дамып келеді және теміржол машинасын жасау өнімдерінің 72%-ы өндіріледі. Маусым айында ГРЭС-1 алаңының жанындағы ең ірі ферроқорытпа зауыты өз жұмысын бастайды. Саран қаласында бұрынғы РТБ зауытының базасында жаңа кәсіпорындар салынды: шина зауыты, шағын торапты құрастыру әдісімен автобустар шығаратын QazTehna, тұрмыстық техника шығаратын зауыт бар. Сондай-ақ түзу дәнекерленген құбырлар шығаратын кәсіпорын салынып жатыр. Қазірдің өзінде моноқаланың өзі жаңа өмірге қалай бейімделіп, түрленіп жатқанын көруге болады. Бұрын тұрғындары тастап кеткен үйлер енді бос емес, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Үкімет бұл бағыттағы жұмысты жалғастыратын болады. Жергілікті қамту үлесін арттыру және инвестиция тарту жастар үшін жоғары өнім өндіретін, жақсы ақы төленетін жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Бұл – басты міндет. Экспорттық әлеуетті арттыру, импортты алмастыру, бюджетке түсетін салықтар, жұмыс орындарының ашылуы жүйелі түрде жүзеге аспақ. Яғни, бұл бәрін өзімен бірге ілестіріп әкететін тұтас бір локомотив, — деп атап өтті Роман Скляр.

Фото: sportishka.com/Primeminister.kz

Байланысты жаналықтар

Жыл қорытындысы: Өнеркәсіптік жаңғырту және отандық өндірушілерді қолдау – экономикалық тұрақты өсудің негізі

12.12.2024

Өңдеу өнеркәсібі: 2024 жылғы негізгі нәтижелер белгілі болды

12.12.2024

Мемлекетке қайтқан активтер есебінен Ұлытау облысында мектеп салынады

12.12.2024

Депутаттар уақыт белдеуіне қатысты зерттеуді наурызға дейін аяқтауды ұсынды

11.12.2024

Олжас Бектенов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысын өткізді

06.12.2024

Биыл қазақстандықтарды әлеуметтік қолдау шаралары қалай жүргізілді?

05.12.2024
MalimBlocks
Жыл қорытындысы: Өнеркәсіптік жаңғырту және отандық өндірушілерді қолдау – экономикалық тұрақты өсудің негізі

Өңдеу өнеркәсібі: 2024 жылғы негізгі нәтижелер белгілі болды

Мемлекетке қайтқан активтер есебінен Ұлытау облысында мектеп салынады

Үкімет активтерден 1,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлді

Депутаттар уақыт белдеуіне қатысты зерттеуді наурызға дейін аяқтауды ұсынды

Парламент мәжілісінің депутаттары тиісті мемлекеттік органдарға бірыңғай уақыт белдеуіне қатысты ғылыми-зерттеу жұмысын 2025 жылдың наурызына дейін аяқтауды тапсырды.

Олжас Бектенов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысын өткізді

Комиссия монополияға қарсы заңнаманы ескере отырып, тиісті тарифтік реттеуді енгізу туралы шешім қабылдады

Биыл қазақстандықтарды әлеуметтік қолдау шаралары қалай жүргізілді?