Картоп экспортына 6 айға шектеу енгізілмек

Бұл елдегі картоп тапшылығының алдын алу үшін қажет

Мәди Саматұлы

  • 21.01.2025

Жаңа немесе салқындатылған картопты ел аумағынан үшінші елдерге көліктің барлық түрімен шығаруға 6 ай мерзімге тыйым салынбақ. Осындай шектеу енгізетін Ауыл шаруашылығы министрлігі бұйрығының жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz.

2024 жылдың 11 айындағы статистика мәліметтері бойынша, картоп экспорты 518,4 мың тоннаны (47,1 млн доллар) құраған. Бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (332,3 мың тонна, 25,2 млн доллар) 1,5 есе көп.

2023 жылы картоп экспорты 412 мың тонна (31,3 млн доллар) болған.

Халықтың жылдық картопқа қажеттілігі 2 026,5 мың тоннаны (айына 168,8 мың тонна) құрайды, 2025 жылдың қаңтар-сәуір айларында нарықтың қажеттілігі шамамен 675 мың тонна болады деп күтіледі, деп жазылған бұйрық жобасында.

Сонымен бірге, облыстар мен қалалардың әкімдіктерінің деректері бойынша, биылғы 15 қаңтардағы жағдай бойынша картоп қорының көлемі 301 мың тоннаны құрайды.

Биылғы маусымаралық кезеңде (қаңтар-сәуір) жалпы халықтың қажеттілігі 675 мың тонна болғандықтан, картоп тапшылығы 374 мың тонна болуы мүмкін.

Сөйтіп, картоп экспорты көлемінің ұлғаюын және ішкі нарықта картоп тапшылығының алдын алу немесе азайту қажеттілігін ескере отырып, ел аумағынан үшінші елдерге картопты шығаруға тыйым салу туралы шешім мекемеаралық комиссия отырысында қабылданған.

Фото: freepik.com

Байланысты жаналықтар

«Болашақ» бағдарламасына жас шектеуі енгізіледі

16.04.2025

Қазақстанда кімге көлік тізгіндеуге тыйым салынған?

11.04.2025

Ресей Қазақстаннан бидай экспорттауға тыйым салды

20.03.2025

Наурыз айында шетелден әкелген телефондар бұғатталатыны рас па?

13.02.2025

Диқандар былтыр 9 айда 4 млн тонна дәнді-дақыл экспорттаған

30.01.2025

Ақпаннан бастап автогаз қымбаттайды

30.01.2025
MalimBlocks
«Болашақ» бағдарламасына жас шектеуі енгізіледі

Қазақстанда кімге көлік тізгіндеуге тыйым салынған?

Полиция Қазақстанда көлік тізгіндегендерге қатысты жас шектеуі мен тыйымдар туралы айтты

Ресей Қазақстаннан бидай экспорттауға тыйым салды

Наурыз айында шетелден әкелген телефондар бұғатталатыны рас па?

Диқандар былтыр 9 айда 4 млн тонна дәнді-дақыл экспорттаған

Оның жартысына жуығы Өзбекстанға жөнелтілген

Ақпаннан бастап автогаз қымбаттайды

Энергетика министрі шекті бағаларын бекітті