Мұнай өңдеу зауыттары қанша дизель отынын өндіреді?

Ертең 1 қазаннан бастап Павлодар мұнай-химия зауыты жоспарлы жөндеу жұмыстарына тоқтамақ.

  • 29.09.2021

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мұнай өңдеу және мұнай химиясы департаментінің директоры Макеев Дмитрий Павлодар мұнай өңдеу зауытын жөндеуге қатысты түсінік берді.

Ертең 1 қазаннан бастап Павлодар мұнай-химия зауыты жоспарлы жөндеу жұмыстарына тоқтамақ.

«Үш мұнай өңдеу зауытында дизель отынын өндірудің ағымдағы көлемі тәулігіне 16 мың тонна шамасында. Сонымен бірге, елімізде дизель отынын тұтынудың өте жоғары деңгейі сақталып отыр, яғни тәулігіне 16,5 мың тонна. 1 қазанда Павлодар зауыты жоспарлы жөндеуге тоқтайды. Осы орайда Атырау және Шымкент мұнай өңдеу зауыттарының дизель отынын тәуліктік өндіру көлемі 9,5 мың тоннаға жуық. Қазан айында Атырау зауыты 133 мың тонна, ал Шымкент зауыты 161 мың тонна дизель отынын өндіреді. Павлодар мұнай өңдеу зауыты жөндеуге тоқтағанға дейін кәсіпорында 27 мың тонна көлемінде қор жинақталады. Сонымен қатар, АИ-92 бензині бойынша 45 мың тонна және АИ-95-ке қатысты 2 мың тонна мөлшерінде қор жасалады» - деді Д. Макеев Орталық коммуникациялар қызметінде. Оның сөзіне қарағанда, Павлодар мұнай-химия зауытын іске қосу биылғы қазан айының соңына дейін болады. Тауарлық дизель тәулігіне 6 мың тонна көлемінде 28 қазаннан бастап жөнелтіле бастайды.

«Павлодар зауытында күрделі жөндеу жұмыстары 2018 жылдан бері жүргізілмеді. Отандық мұнай өңдеу зауыттарында ағымдағы жөндеу жыл сайын өткізілсе, күрделі жөндеу 3 жылда бір рет атқарылады», - деді «ҚазМұнайГаз» компаниясының өкілі. Бұдан бұрын хабарланғандай, еліміздегі бөлшек сауда бағасы көрші елдерге қарағанда айтарлықтай төмен, бұл тұрғыда транзиттік көліктер дизель отынын сатып алуы көлемін арттырған.

Байланысты жаналықтар

Жоғары аудиторлық палата Назарбаев Университеті мен «ҚазМұнайГаз»-ды тексермек

28.08.2024

«ҚазМұнайГаз» басшылығы 388 миллион теңге сыйақы алған

13.08.2024

«ҚазМұнайГаз»-да ауыс-түйіс болды: Мырзағалиевтің орнына Хасенов келді

15.05.2024

Мырзағалиев ҚазМұнайГаз төрағасы болды

14.04.2022

ҚазМұнайГазға кетуі мүмкін – Мырзағалиев Тоқаевқа үш ай ғана кеңесші болды

14.04.2022

Бозымбаев салмайды, Ноғаев пен Ерғалиев жоспарлайды

01.06.2021
MalimBlocks
Жоғары аудиторлық палата Назарбаев Университеті мен «ҚазМұнайГаз»-ды тексермек

Палата басшысы Әлихан Смайылов президент қабылдауында болды

«ҚазМұнайГаз» басшылығы 388 миллион теңге сыйақы алған

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ Қазақстан қор биржасына (KASE) 2023 жылы басқарма мүшелерінің 388 миллион 673 мың 641,57 теңге көлемінде сыйақы алғанын растады

«ҚазМұнайГаз»-да ауыс-түйіс болды: Мырзағалиевтің орнына Хасенов келді

«Самұрық-Қазына» қорының басшысы Нұрлан Жақыпов Мағзұм Мырзағалиевке ҚМГ басшысы ретінде атқарған қызметі үшін алғыс айтты.

Мырзағалиев ҚазМұнайГаз төрағасы болды

Самұрық-Қазына АҚ басқару кеңесінің шешімімен Мағзұм Мырзағалиев ҚазМұнайГаз компаниясының төрағасы болып тағайындалды.

ҚазМұнайГазға кетуі мүмкін – Мырзағалиев Тоқаевқа үш ай ғана кеңесші болды

Қазақстан президентінің кеңесшісі болған Мағзұм Мырзағалиев бұл қызметтен босатылды.

Бозымбаев салмайды, Ноғаев пен Ерғалиев жоспарлайды